Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2022-07-16 07:58:01
Мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға табысы төмен қаржы институттарының берешегі бар клиенттерінің жаңа несие алудағы олқылықтарын жояды.

Барлық несиелер бойынша жиынтық төлемдер сомасы қарыздық жүктеме коэффициентінен аспауы керек. Бұл несие төлемдері жалпы кірістің 50 пайызынан аспауы керек дегенді білдіреді.

Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің сыртқы байланыс департаментінің өкілі Дмитрий Акмаевтың айтуынша, банктердің көпшілігі клиенттердің несиелік тарихы туралы ақпаратты жедел жеткізіп қойған. Алайда, көптеген микроқаржы құрылымдары мен ломбардтар бұған немқұрайлылық танытып, несие алу мүмкіндігін тудырды.

Енді олардың барлығы бір күн ішінде Несие бюросына несие алған клиент туралы негізгі ақпаратты – оның тегі, аты, әкесінің аты, несие сомасы, өтеу мерзімі және т.б. тапсыруы тиіс.

@janaarna
3 views04:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 18:14:13
Маусым айының соңында «Маңғыстау Медиа» холдингінің директоры Айсұлу Дутбаева «Маңғыстау медиа» холдингінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ұсталды.

@janaarna
5 views15:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 13:03:06
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус індеті қай аймақтарда өршіп тұрғанын айтты

Әлемде сырқаттанудың өсуімен қатар Қазақстанда да 20 маусымнан бастап COVID-19 инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалады екен. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 1030 жағдайдан 2558 жағдайға дейін 2,5 есеге өсті. Тәулігіне коронавирус 1300 адамда расталды.

Ведомство басшысының айтуынша, вирус жұқтырғандар саны артып, қызыл аймаққа өткен өңірлерде халықтың жүріп-тұруы мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі шектелуі мүмкін.

"Сырқаттанудың ең көп таралуы еліміздің ең ірі мегаполистерінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында басталады. Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-ы Алматы (1107 жағдай немесе 43,2%-ы) және Нұр-Сұлтан (576 жағдай немесе 22,5%-ы) қалаларында орын алды", — деді Ажар Ғиният.

@janaarna
4 views10:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 07:35:13
Алматы облысы Ұйғыр ауданында нөсер жаңбыр салдарынан үш демалыс орнының аумағын су басты

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті 13 шілде күні Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы "Шонжы-Қалжат" автожолының 55 шақырымында нөсер жауын салдарынан кешкі сағат 18.00 шамасында 5-10 см беткейлік ағын пайда болғанын мәлімдеді. Су автожолға жайылып, үш демалыс орнының аумағын басып қалған.

Жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендегені белгілі болды. Су транзиттік режимде өтіп жатыр екен.

@janaarna
5 views04:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:54:01
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жалақысының мөлшерін жария етті

"Қазір жалақымды айтсам, әлеуметтік желіде сынай бастайсыздар. Еңбек өтілім 48 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 33 жыл қызмет етіп жүрмін. Мен аптасына жеті күн істеймін. Жалақым 2 миллионнан жоғары",– деді облыс басшысы.

Осыған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қанша жалақы алатынын айтқан еді.

@janaarna
3 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 09:54:53
Отандық туристік агенттіктердің хабарлауынша, әуе компаниялары ішкі және сыртқы рейстердің құнын 18 пайызға көтерген

Бағаның қымбаттағанын сарапшылар демалыс маусымымен байланыстырады. Олар жазда билетке сұраныс артып, әуе компаниялары еселеп пайда табуды көздейді деген пікірде. Санкция салдарынан ресейліктер де шекара асу үшін біздің елдегі туристік компанияларға жүгіне бастапты.

"Біз билет бағасының 10-20 пайызға емес, бірден 5 есе қымбаттағанын байқадық. Әуе компаниялары сұраныс артқанын көріп отыр. Сондықтан билет құнын шарықтатып жіберді. Бағаны ауыздықтауға ешкім тырысып жатқан жоқ", — дейді Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей.

Отандық туристік компаниялар әуедегі жол ақысын ешкім қадағаламайды деп қынжылады. Ал Азаматтық авиация комитеті бағаны ауыздықтауға құзыретіміз жетпейді деп ашық айтты.

@janaarna
5 views06:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:52:00
Қазақстан 2025 жылдан бастап жаңа +997 телефон кодына көшеді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитеті еліміз жаңа кодқа 2025 жылдың қаңтарынан бастап ауысатынын мәлімдеді.

Комитет өкілдері +997 телефон кодын енгізу туралы жоспар нақты екенін баса айтты.

Қазақстан жаңа кодты өткен жылы резервке алып қойған. Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, қолданыстағы кодты жаңа +997 кодымен бірге екі жыл бойы қатар пайдалануға болады.

@janaarna
4 views12:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 12:38:05
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында орманға жидек теруге барған әйелді аңшы атып өлтірді. Бұл туралы марқұмның туысы әлеуметтік желіде хабарлады.

Болжам бойынша, күдікті орманда жүрген Алтынай Мұздақбаеваны аң деп ойлап қалған. Ол оқ тиген әйелді ауруханаға өзі апармақ болған. Алайда ауыр жарақат салдарынан жолда қайтыс болған.

"Адамның қайтыс болуы туралы баппен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысты жасаған адам Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша ұсталып, Жамбыл аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді аудан прокуроры Талғат Төлегенов.

@janaarna
39 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:51:05
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтік желідегі ресми парақшалары ашылғанын мәлімдеді

Ведомствоның Facebook және Instagram-дағы парақшаларын төменгі сілтемелер арқылы табуға болады:

Facebook - https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim/
Instagram - https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Еліміздің ғылым және жоғары білім саласындағы жаңалықтарынан хабардар болыңыз.

@janaarna
1.3K viewsedited  08:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:48:08
Ресей соты КҚК жұмысын тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге алмастырды

Краснодар өлкелік соты Новороссийск қаласының Приморск аудандық сотының шешіміне қатысты шағымды қарады.

Материалдарды қарап, апелляциялық сот аудандық соттың шешімін өзгертіп, КҚК-ге 200 000 рубль мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде айыппұл салды. Шешім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдады.

@janaarna
2 views12:48
Ашу / Түсініктеме