Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 9

2022-06-29 11:52:21
Алматы әкімдігі қала бюджетінен қазақстандық әншілердің концертіне 220 миллион теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлаған.

Бұл туралы кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов Facebook желісінде жазды. Нұрпейісов концерттың шығындары әкімдік өтеу керек деген ойға наразы. Концерт шығынына жарнама, залдарды жалға алу, концерттерге дыбыс пен жарық, ұйымдастырушылар, костюмдер, әртістердің тұруы және салық төлеу кіреді. Роза Рымбаеваның концертінің өзіне 110 миллиондай теңге жұмсалмақшы.

Алматы қаласының мәдениет басқармасының сөзінше, жарияланған сметалар – коммерциялық құрылымдар мен өнер иелерінің өздері ұсынған есептеулердің бір ғана нұсқасы. Қабылданған шешім бойынша, Жәмилә Серкебаеваның концертіне бюджеттен қаражат бөлінбейтін болды. Жеке концерттің жарнамалық науқаны үшін ақша да бөлінбейді деп түсіндірді.

Сонымен қатар, әкімдіктегілер фестивальдер — Алматы тіршілігінің дәстүрлі бөлігі екенін атап өтіп, өнер қайраткерлерінің бастамаларын қолдаған жөн деп жауап берді.

Фото: sputnik.kz

@janaarna
4 views08:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 15:05:00
2022 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрмыстық техника бағасы бір жылда 18,1%-ға өсті.

Бағаның көтерілуі Алматы облысынан байқалды. Ал Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіпті 20 пайызға дейін көтерілген. Оның ішінде тоңазытқыш пен мұздатқыш жылына 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттады.

Қалалық тұрғындардың кір жуғыш машина, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, мультиварка, кондиционер, жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейі ауыл халқына қарағанда жоғары.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасымен қамтамасыз ету, керісінше, қала тұрғындарына қарағанда жоғары.

Жалпы алғанда, қазақстандықтардың үй шаруашылығы 100 пайыз ас үй плитасы, 99,7 пайыз тоңазытқыш, 96,1 пайыз кір жуғыш машинасы, 94,1 пайыз шаңсорғыш, 79,1 пайыз микротолқынды пешпен қамтылған.

@janaarna
4 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 11:17:55
Мәскеу сотының алқабилері Муртузали Меджидовты қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп тапты. Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова әлеуметтік желіде хабарлады.

Меджидов Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, Қазақстан азаматы Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікке ілінген. Сот Дағыстан үкіметінің бұрынғы төрағасы Мұртазәли Меджидовтың ұлын 13 жылға бостандығынан айырды.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды. 2021 жылы маусымда Мәскеудің Никулинск соты Меджидовты ақтап алды.

Фото: Жанна Ахметова

@janaarna
3 views08:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 07:24:00
3 шілде күні Астана күніне орай "Барыс-Арена" мұз сарайында "Қазақстан Барысы" ХІ республикалық турнирі өтеді.

Турнирдің басты мақсаты — Қазақстанда ұлттық спортты дамыту, мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, қала күні мен балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен айналысуға қызықтыру.

Осыған дейін бес мыңға жуық азамат ауылдық, аудандық, облыстық деңгейлерде, сондай-ақ әскери күш құрылымдары арасында іріктеу турнирінен өтті. Ақтық сынға Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаев сынды 36 балуан жолдама алды.

Жүлде қоры төмендегідей бөлінеді:

- Жеңімпаз - 25 000 000 теңге, алтын белбеу, ауыспалы алтын "Тайтұяқ" алады;
- Екінші орын иегері – 5 500 000 теңге; күміс белбеу
- Үшінші орын иегері – 1 800 000 теңге, қола белбеуімен марапатталады.

@janaarna
4 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 09:45:32
Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Жаңа лауазымға тағайындалған Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Онда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады.

Еңбек жолы 2003 жылы жол жұмысшысы қызметінен басталды.

2005-2006 жылдары — "Қазақавтожол" ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.
2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.
2014-2016 жылдары — "Қазавтожол" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.
2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары.
2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.

Фото: atameken.kz

@janaarna
6 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 07:29:02
Энергетика министрі жанар-жағармай бағасын өзгерту бойынша арнайы бұйрыққа қол қойды.

Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстанның барлық аймағында жанармай мен дизель отынының шекті бағасы өзгереді.

Атап айтқанда:
1) АИ-80-нің шекті бағасы литріне 89 теңгені құрайды;
2) АИ-92 және АИ-93:

- Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 187 теңге;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 182 теңге.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік 180 күн ішінде қолданылады. Яғни, мұндай бағалар 2023 жылдың қаңтар айының басына дейін бекітіледі.

@janaarna
8 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 07:25:09
Сауд Арабиясы 2022 жылғы қажылыққа байланысты бірқатар ережелер мен талаптар қойды.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі дерттен, індеттен сақтану мақсатында 65-тен асқан азаматтарға қажылыққа баруға рұқсат етпейді.

Сондай-ақ COVID індетінің алдын алу мақсатында қажыларға діни амалдарды орындау барысында маска тағып жүру міндеттеледі. Одан бөлек 72 сағат бұрын алынған ПЦР тестінің нәтижесі сұралады.

Биыл Қазақстан бойынша қажылыққа 3 мың адам барады деп жоспарланып отыр.

@janaarna
7 views04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 15:47:02
"АрселорМиттал Теміртау" цехында болған апатқа қатысты тексеріс жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтады.

Еңбек инспекциясының хабарлауынша, адам өліміне әкелген күмбездің қирауы ақаулар мен зақымданулар себепші болды. Сондай-ақ, "Құрылысмет" тапсырыс берушісі мен "АрселорМиттал Теміртау" мердігері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені анықталды.

Арнайы тексеру қорытындысы бойынша комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтады.

Тергеу барысында 32 адамнан жауап алынған. 14 күдікті анықталды, оның ішінде басшылық құрамы бар.

@janaarna
8 viewsedited  12:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 15:50:38
Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында мемлекет басшысы әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты міндет екенін атап өтті.

Президент тапсырмасы бойынша биыл әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды. Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр. Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді.

Сондай-ақ Тоқаев мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керектігін баса айтты. Осы жұмысты қолға алуды Үкіметке және әкімдерге тапсырды.

@janaarna
2 views12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 09:46:18
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкіметтің азық-түлік бағасын реттеу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

Ведомство басшысы Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқтығын атап өтті.

Сонымен қатар министр әлемде акциялар бағасының өсуіне байланысты импортқа тәуелді өнімдердің құны өсетінін айтты.

"Мысалы, қант, ұнаса да, ұнамаса да бағасы көтеріледі. Біздің жеткізушілеріміздің бірі (Ресей) жеткізуді шектегендіктен, әрине, бұл әсер етеді. Доллардың өзі өсуде, еуро өсуде", — деді Сұлтанов.

Осыған дейін, сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда қант бағасының жыл сайынғы өсуі 60,5%-ды құрады.

@janaarna
6 views06:46
Ашу / Түсініктеме