Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 5

2022-07-21 13:27:08
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атада өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде сөз сөйледі

Қазақстан басшысы күрделі геосаяси және экономикалық жағдайларда Орталық Азия елдері жаңа сын-қатерлер және қауіп пен қиындыққа ынтымақтастықпен бірлесіп қарсы тұруға ұмтылыс танытып отырғанын атап өтті. Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипаты саммит соңында қабылданатын Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамыту жөніндегі достық, татулық және ынтымақтастық туралы шартта бекітілетін болады.

Президенттің айтуынша, күн тәртібіндегі басты мәселе қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып қала береді.

Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары аймақтағы тұрақсыздық факторларын және мемлекетаралық шекаралардағы қақтығыстарды мүмкіндігінше жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керектігіне тоқталды.

@janaarna
4 views10:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:38:04
Қарағанды облысы Шет ауданындағы "Ақжал" кенішінде "Нова цинк" компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жалақыны 50 пайызға өсіруді талап етті.

Наразы жұмысшылардың айтуынша, шахтерлардың еңбегі дұрыс бағаланбайды, жалақы төмен. Бұған қоса, еңбек жағдайының өте нашар екенін алға тартты.

"Жалақыны көптен бері өсірген жоқ. Бұл жөнінде көптен бері айтылып жүр. Былтыр да айтылған. Бұған дейін ереуіл жекелеген цехтарда болған. Нәтижесі жоқ. Жарты жыл бойы бізге жақсы жалақы мен еңбек жағдайын уәде етті. Жалақыны 50 пайызға өсірсін деп отырмыз" дейді ереуілге шыққандар.

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімге қол жеткізілді, қалған мәселелер 3 тамызға дейін шешіледі. Жұмысшылар жұмыс орындарына кетіп, өз міндеттеріне кірісті.

@janaarna
7 viewsedited  09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 14:21:01
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді. Шешімді авиатасымалдаушылар қабылдағаны белгілі болды.

Әуе кемелерінің кейбір үлгілерінде Орал әуеайлағына ұшу қарқындылығы мен ұшу жүктемесінің артуы анықталды. Бұл көрсеткіш рұқсат етілгеннен едәуір артық. Авиациялық әкімшілік тарапынан әуеайлақты пайдаланушыға әуе жолағының бұзылуын және әуе кемелерінің бүлінуін болдырмау үшін арнайы инспекторлық нұсқама жіберілген екен.

Air Astana компаниясы 1 тамыздан бастап Оралға рейстер Embraer лайнері арқылы орындалатынын хабарлаған болатын. Ал FlyAryastan сол күннен бастап Оралға рейстерді тоқтатады. Әуе тасымалдаушысы "өзгерістер Орал әуежайының жасанды төсемдегі жүктерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету туралы өтінішіне байланысты қабылданады" деп түсіндірді.

@janaarna
6 views11:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 09:35:18
АҚШ-та өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан атынан кениялық легионер Нора Джеруто бақ сынамақ.

Спортсменнің алтынға таласатын мүмкіндігі зор, себебі ол жалпы қатысушылар арасынан 1-орынмен ақтық сынға 09:01:54 уақыт көрсеткішпен өтті.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден шешуші кезең 20 шілдеге жоспарланған. Қазақстан атынан финалға шыққан спортшылар арасында Надежда Дубовицкая да бар. 1.93 метрді бағындырған спортшы биіктікке секіруден ел намысын қорғайды.

@janaarna
7 views06:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:30:59
Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирді ұйымдастырушы 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәлім етті.

"Әлеуметтік желілерде ұйымдастырушылардың бірі полиция қызметкерін итеріп жіберген видео тарады. Видеодағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді", — деді полиция өкілдері.

Айта кетейік, 16 шілдеде Ақтауда халықаралық турнирге UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов қатысты.
Турнир аяқталғаннан кейін жанкүйерлер оны қоршауға алды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

@janaarna
7 views11:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:15:00
Қостанай облысының Жітіқара қаласы мен Чайковский елді мекені арасындағы жол жағдайы нашар. Оның дұрыс жөндеу көрмегеніне жарты ғасырдан асты.

Ресеймен байланыстыратын күре жол екі жыл бұрын республиканың қарауына берілді. Тегістеліп, қиыршық тас төселгенімен, сазды жер тез-ақ балшыққа айналады.

"Біздің ауылдан Жітіқара қаласына апарып, сүт өткізетіндер көп. Олар өз көліктерімен тасымалдайды. Жолдың жамандығынан кейбіреулер жеткізе алмай жатады", — дейді Чайковский ауылының әкімі Бауыржан Бижанов.

"Қазавтожол" басшылғының айтуынша, қазір Көкшетау, Петропавловск арқылы Ресейге шығатын және Арқалық – Жезқазған бағытындағы жолдарды жөндеу бірінші кезекте тұр. Сосын барып қана Чайковский ауылына дейінгі жолды қолға аламыз дейді.

@janaarna
5 views09:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 07:15:00
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейден келетін шетелдік компанияларды Қазақстанға тарту үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

"1 400-ге жуық ірі шетелдік компаниялардың әр екіншісі өз қызметін тоқтатты немесе Ресей нарығынан толығымен кетті. Үкімет оларды Қазақстанға көшіру үшін қолайлы жағдай жасауы керек. Бұл бізге орта және жоғарғы шектердегі тауарлар өндірісін арттыру үшін жақсы мүмкіндіктер береді", — деді Президент.

Мемлекет басшысы министрлер кабинетіне өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобалар пулын дайындауды және оны әлеуетті инвесторлармен пысықтауды тапсырды.

Оның айтуынша, бұл жұмыс әлі де жиналыстар мен кездесулер режимінде жүргізілуде. Нақты нәтижелер тұрғысынан Қазақстанға мақтануға әлі ерте, жаңа жобалар да жоқ.

@janaarna
3 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:10:00
Биыл өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 триллион теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

Алматы облысына қарасты Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесу барысында 2022 жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,8%-ке, жалпы ішкі өнім 3,4%-ке, құрылыс 9,2%-ке, сауда мен көлік салалары 6,2%-ке ұлғайғаны айтылды.

"Осы жылы өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 триллион теңге бөлінді. Бұл жалпы шығындардың 30%-ін құрайды. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттердің кіріс базасы нығайтылуда. Бұл ретте, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті деңгейге беру оң әсер етеді", – деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

@janaarna
3 views12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 11:15:00
Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комиссияның жұмыс тобының отырысында Алматыдағы ірі көтерме базарды мемлекетке қайтару туралы айтылды.

"Алматыда ірі көтерме сауда базарындағы ("Барыс–4") олигополиялардың бірінің үлесінің құны 5 есе төмен бағамен өткізілгені анықталды", — деді хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

Шілде айында мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару мақсатында талап қою енгізілген екен.

Сондай-ақ 2019 жылы "Салтанат үйі" ЖШС-ның атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша объектінің өткізілгені анықталды, ал объектінің нарықтық құны 3 млрд теңгеге бағаланады.

@janaarna
4 viewsedited  08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 13:05:27
ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.

"Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңген, Қазақстанның басқа облыстарында баға бұрынғы деңгейде - литріне 182 теңгені құрайды", — деп хабарлады министрлікте.

Бұйрыққа сәйкес дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалады: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында баға литріне 260 теңгені құрайды, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында - литріне 230 теңге.

@janaarna
1 view10:05
Ашу / Түсініктеме