Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 10

2022-06-22 15:28:02
Көпшілікті қамту мақсатында тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінің саны қысқарады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.

"Көпшілікті қамту мақсатында біз тек бір секцияны ғана ұсынамыз. Сондай-ақ спорт түрлерінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқарады. Қайталанатын спорт түрлері топтастырылды", — деді министр.

Абаевтың айтуынша, бүгінде 2 миллионға жуық оқушы спортпен шұғылданатынын айтты. 500 мың бала 15 мың спорт және шығармашылық үйірмесіне тегін қатысады. Сондықтан, «Артспорт» жобасы жалғасын табады, жабылып қалады деген сөздер шындыққа жанаспайды. Ал әкімдіктер қажетті қаржыландыруды қарастырады, деп сөзін түйіндеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік спорттық, шығармашылық және қосымша білім алу тапсырыстарының аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне бір ғана өтініш беру қағидасы енгізіледі.

@janaarna
3 views12:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 09:50:02
Елбасының немер інісі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді.

"Қазір Самат Әбіш те тергеуге алынды. Одан жауап алып жатыр",– деді ол.

Алайда Әмірханов тергеу амалдары барысында экс-төраға күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. Оның айтуынша, тергеу органдары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр.

Осыған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Фото: inform.kz

@janaarna
4 views06:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 15:05:26
Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллионға жуық теңгені ұрлаған.

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына жалақысын аударып отырғаны анықталды.

Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, 13 миллион теңге өтелді.

@janaarna
2 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 11:22:03
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинауға болмайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдіктерге қарайды. Яғни, мектептерді жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі тиіс.

"Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта педагогтерді өздерінің жұмыстарына тән емес басқа жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-шы бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген", — деді Мелдебекова.

Сонымен қатар төраға орынбасары педагогтар жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз қаражаттарын жұмсамауы керектігін атап өтті.

@janaarna
2 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 15:29:43
Блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

"Тергеу сотының 18 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды", — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Осыған дейін, вайнерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстанда алаяқтық схемаларды жарнамалайтын блогер мен әртістерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңнама әзірленген еді.

Фото: sputnik.kz

@janaarna
3 views12:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 09:44:01
2023 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген қаржы екі есеге қысқартылады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінен бюджетке түсетін жалпы салықтық түсімдер 5 есе өсіп, 2 тлрн теңге болған.

"Жалпы, мемлекеттік бюджеттің түсімдері өсуде. Мысалы, республикалық бюджеттің өз түсімі былтыр 12% өссе, биыл 40% өсіп отыр. Соның нәтижесінде келер жылы Ұлттық қордан алатын кепілдендірілген трансферттерді екі есе қысқартатын боламыз", — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Смайылов мемлекеттік органдардың дербестігін арттырып, Ұлттық қордың қаражатын үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысының өсу қарқынын шектеу көзделіп отырғанын айтты.

Фото: nalogikz.kz

@janaarna
2 views06:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 07:59:00
Президент Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсыратынын айтты.

Тоқаевтың айтуынша, азаматтардың Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртқаны жеткіліксіз. Өңірде қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек.

"Мен Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс. Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанын көрсетеміз. Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз", — деді мемлекет басшысы.

Фото: ruh.kz

@janaarna
4 views04:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 12:01:01
Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қиындықтарға қарамастан Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы бар екенін айтып өтті.

«Әрине, біздің сауда-экономикалық стратегиямызда бұл санкцияларды ескереміз. Алайда Ресеймен арадағы біздің бұрынғы шарттармен байланысты Қазақстанның міндеттемелері бар. Оған қоса, тарихты айтпағанның өзінде, географиямыз бізге өте ерекше жағдайда бірге жұмыс істеуміз қажеттігін меңзеп отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Президент екі ел арасында жаңа жағдайда өнеркәсіп кооперациясының арнайы бағдарламасы бар екенін еске салды.

«Атап айтқанда, қиындықтарға қарамастан Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы бар. Осы одаққа кіруді дұрыс санаған елдер елеулі экономикалық күш пен әлеуетті құрап отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ашық дереккөзден

@janaarna
1 view09:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 07:25:11
ҚР Бас прокуратурасы қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қарастырылғанын айтты.

"Қыз алып қашу – салт-дәстүр ме, қылмыс па, мұны ажыратудың бір жолы бар, ол – қалыңдықтың келісім беруі және алып қашқан адамдардың осындай келісімнің барын түсінуі. Басқаша айтқанда, келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашса, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, алып қашқандар осы мән-жайды білсе – бұл ауыр қылмыс саналады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы – адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді", — деді Бас прокуратура.

Бір топ азаматтар әйел адамды алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айрылатынын хабарлады.

@janaarna
5 views04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 15:20:41
Қостанай облысында ақын Ахмет Байтұрсыновтың туып-өскен үйі бұзылды.

Халық ағартушының 150 жылдық мерейтойында кірпіш үйді қалпына келтіру туралы шешім қабылданған. Ескі іргетас орнында мердігер құмблок қабырғаларын тұрғыза бастаған. Алайда олар сапасыз болып, ғимаратты қирату туралы шешім қабылданған. Құрылысшылар үйдің бастапқы іргетасын да сақтай алмаған екен.

Қазір бұл жерде ауыр техниканың ізі ғана қалды.

"Ізі де қалмаған, дымы да қалмаған. Ең соңғы Ахметтің өзімізде бар ескерткішінен айырылып қалып тұрмыз", — деп бөлісті Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Жақсыбек Әбдісалық.

Шенеуніктердің айтуынша, жергілікті тұрғындар үйді өздері бұзуды сұраған

"Екі ауыл тұрғындары үйдің апатты жағдайда екенін айтып, мәселе көтерді. Аудан, облыс әкімдіктеріне жүгінді. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық", — ауыл әкімі Нұрсұлтан Байділдин.

@janaarna
1.4K views12:20
Ашу / Түсініктеме