Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2022-08-27 08:01:48
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты сот үкімі заңды күшіне енген күні отскаваға кету туралы өтініш жазды. Айта кетейік, аса ірі көлемде пара алу фактісімен 10 жылған сотталған Дәурен Мақажанов 2019 жылы Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Кентау қаласына әкім болып тағайындалған.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы аймақ басшысының өтінішті 24 тамызда жазғанын растады.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 60-бабының 2-бөлігіне сәйкес, отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы мемлекеттiк лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан уәжді түрде бас тартады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша өтініш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады.

Фото:
exk.kz

@janaarna
17 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 15:01:39
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтай алмай жатқан көрінеді.

Төтеншеліктердің мәліметінше, 26 тамыз күні сағат 03:00-тер шамасында Жетісайдағы "Күлпаршын" базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимарат пен ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты. Базардың жалпы аумағы — 2500 шаршы метр.

Қызыл жалын таңғы сағат 07:35-те сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болған. Оқиға орнына 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылған.

Фото:
exk.kz

@janaarna
17 views12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 12:28:01
Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзім 26 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері бойынша тергеуді жалғастыруда.

Айта кетейік, тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге.

Фото: ашық дереккөзден

@janaarna
20 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 08:15:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Бұған дейін белгілі болғандай, 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Тиісті өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.

@janaarna
18 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 15:15:00
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Өсіповке қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталды.

Қазір ҰҚК-нің бұрынғы басшылығы мен өзге де күдіктілерге іс материалдарымен таныстыру шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Мәсімов, Садырқұлов, Ерғожин, Өсіповтерді қамауда ұстау мерзімі биылғы жылдың қазан айының 6-нан 22-не дейін ұзартылды.

Айта кету керек, күдіктілердің ішінде Мәсімов пен Садырқұловқа мемлекетке опасыздық жасау деген ауыр айып тағылып отыр.

Фото:
sputnik.kz

@janaarna
20 views12:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 11:15:01
"2023 –2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын Қаржы министрлігі дайындады.

Жобаға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- жалақының ең төменгі мөлшері — 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 21 907 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері — 53 076 теңге;
- Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш — 3 450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 40 567 теңге.

Сондай-ақ, ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8%-на тең.

@janaarna
20 views08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 08:35:01
Қазақстандық актер Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі парақшасында "Мектептегі имандылықты сақтайық" петициясына қол қоюға шақырды.

"Еліміздің заңына сәйкес Қазақстан азаматтарының діни сенім бостандығына ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Орамал тағу – Алла Тағалаға жасалған ғибадат. Бізде діндарлардың құқықтарын қалпына келтіруге себепкер болуға мүмкіндігіміз бар! Жасаған істерімізге Жаратушы разы болсын! Барлығына бейбітшілік!", — деп жазды ол.

Осыған дейін Адамбай "Buzz Lightyear" мультфильмінде ЛГБТ насихаты бар екенін айтып, оны таратуға тыйым салудың бастамашысы болған.

Фото: Нұртас Адамбай

@janaarna
23 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 15:49:24
Бүгін Парламент Сенатына үш жаңа облыстан 6 депутат сайланды.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 6 мандат бойынша сайлау өтті. Оған 12 үміткер қатысты. Әр облыстан екі депутат сайланды.

Абай облысынан Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов пен "Қайнар" колледжінің директоры Айнұр Арғынбекова өтті. Ұлытау облысынан Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Серік Шайдаров пен Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев ең көп дауыс жинады.

Жетісу облысынан Парламенттің жоғары палатасына Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Амангелді Толамысов пен Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев өтті.

@janaarna
21 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 08:25:31
Мемлекет басшысы бюджет қаржысын тиімді жұмсауды тағы да ескертті

Тоқаев Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің күн тәртібінде еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қатысты мәселелер қаралды.

Жалпы алғанда, Президент Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ұсынылған болжамын және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын кеңес барысында талқыланған мәселелерді жетілдіруді ескерте отырып, қолдады.

Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

@janaarna
20 views05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 15:15:02
Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі Украина елшісі Петр Врублевскийдің сөздерін қатаң сынға алды.

"Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Украина елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң айыптаймыз және ондай сарындағы мәлімделерге жол беруге болмайды деп санаймыз. Бейбітшілік пен бірлік біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидалары. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды", — делінген Ассамблея хабарламасында.

Сонымен қатар ұйым дипломатия – өшпенділік пен араздықты қоздыру үшін емес, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі тиіс екенін жеткізді.

Айта кетейік, Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский блогерге берген сұхбатында "Біз қазір неғұрлым көбірек орыстарды өлтірсек, соғұрлым біздің балаларымыз болашақта орыстарды аз өлтіреді" - деген болатын.

Фото:
cdn.iz.ru

@janaarna
20 views12:15
Ашу / Түсініктеме