Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 8

2022-07-06 07:50:16
Құрметті қазақстандықтар, елорда тұрғындары!

Баршаңызды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Замана көшіндегі тәуелсіз Қазақстанның тұғыры биік, Елордасы еңселі болғай

@janaarna
2 views04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 15:26:03
Павлодарда қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылады, оған қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың есімі берілген.

Қазіргі уақыттта оқушылардың құжаттары қабылданып жатыр. Математикалық бағыттағы мектеп-лицейі 650 орынға шақталған. Бүгіннің өзінде 600-ден астам ұл-қыз осы жерде білім алуға ниет білдірді.

Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, мектепте физика, химия, математика, биология, география пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, психологиялық жеңілдену, робототехника, бизнес және кәсіпкерлік, мамандық бойынша бағдарлау кабинеттері қарастырылған. Ал жаңадан келетін педагогикалық ұжымға қатаң талаптар қойылмақ. Бала қабылдауда шағын ауданның тұрғындарына басымдық беріледі. Сол ауданның үш баласына бір өзге ықшам ауданның оқушысынан келеді.

@janaarna
4 views12:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 10:00:11
Елімізде бүгінде мүгедектігі бар жүз мың азамат жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Бұл – еңбек жасындағы мүгедектігі бар адамдардың төрттен бірі ғана деген сөз. Адамның қай топтағы мүгедек екені оның жұмысқа қабілеттілігінің немесе қабілетсіздігінің көрсеткіші болып саналмайды. Мүгедектігі бар екі жүз мыңнан астам адамның қалыпты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, қалғаны арнайы жағдай жасалса, жұмыс істей алады", — деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мүгедектігі бар тоғыз мың адамды жұмысқа орналастыру көзделген. Олардың үш мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған. Электронды еңбек биржасында арнайы Кәсіптер мен оқулардың атласы бар. Бүгінде онда мүгедек адамдар істей алатын 5 мыңнан астам бос жұмыс орны көрсетілген.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын, әсіресе үйде оқыту бағдарламаларын қайта қарау бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.

@janaarna
3 views07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 15:40:01
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы "сары" аймақта тұрған жалғыз қала. Қалада карантиндік шектеу шаралары енгізіледі.

"Қазір Алматы қаласының бас санитария дәрігері қаулы дайындап жатыр. Барлық тұрғындарды екпе алуға, ревакцинациядан өтуге шағырамыз. Өйткені, коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандардың 80 пайызы – мүлдем екпе алмаған және соңғы алты айдың ішінде вакцинаның үшінші дозасын салдырмаған азаматтар", — деді Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана.

3 шілдеде 158 қазақстандықтан коронавирус инфекциямы анықталды. Вирус жұқтырғандардың 88-і Алматы қаласында тіркелген.

@janaarna
3 views12:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 11:56:01
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың денесі мәйітханаға жеткізілгенін хабарлады.

"Бала Талдықорғандағы 17 шағын ауданның қоқыс жәшігінен табылды. Қыз бала. Шақалақтың кіндігі де кесілмеген,ақ орамалға ораулы болған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалады. Анасы іздестіріліп жатыр. Дәл осы аралықта жүкті болған әйелдер түгел тексеріледі", — делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.

@janaarna
4 viewsedited  08:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 07:29:01
Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 116 адам, оның ішінде 42 кәмелеттік жасқа толмаған бала суға батып қайтыс болды.

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 75 адам, оның ішінде 17 бала құтқарылды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 46 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл басынан бері еліміздің су айдындарында жыл басынан бері 116 адам, оның ішінде 42 кәмелеттік жасқа толмаған бала суға батып қайтыс болды. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 137 адам, оның ішінде 63 бала суға батып қайтыс болған. Қайтыс болған адамдардың саны 15,3%-ға, балалардың саны 33,3%-ға азайды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетерлігі, 1 маусымнан бастап еліміздің су айдындарында 71 адам, оның ішінде 29 бала суға батып қайтыс болды (2021 жылы 75 адам, оның ішінде 25 бала көз жұмған. Қайтыс болған адамдардың саны 10,1%-ға, балалардың саны 13,7%-ға азайды).

@janaarna
5 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 07:30:40
Танымал әнші Димаш Құдайберген 23 қыркүйек күні Алматыда "Stranger" атты жеке концертін өткізеді. Бұл туралы Димаш өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Айта кетейік, бұл әншінің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кеші. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – орталық стадионда өтеді.

Сондай-ақ Димаш қымбатты тыңдармандарымен туған жеріндегі кездесуді асыға күтетіні атап өтті.

Фото: UGC

@janaarna
6 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 12:40:01
Қазақстанда марқұмды жерлеу жоралғысына кететін шығын екі есеге өсті. Ranking сайтының дерегінше, бұл көрсеткіш әсіресе Маңғыстауда көтерілген — 62%.

Алматыда жерлеу рәсімін ұйымдастыруға кем дегенде 150 мың теңге қаражат кетеді екен. Оның ішіне табыт, мата, кілем, мәйітті тасымалдайтын көлік пен жерлеу кіреді.

Жерлеу рәсімін ұйымдастыратын ұйымдардың айтуынша, қызмет бағасы құрал-жабдыққа кететін шығынның өсуіне байланысты өседі. Кейде марқұмды басқа қалаға тасымалдау қажеттігі туындайды. Енді бірі зират басына қоятын тасын ерекшелеуді қалайды. Ал енді бірі сапалы табыт сұрайды.

Кейбір қазақстандықтардың қалталары қабір тасты да көтере алмайды. Гранит, мәрмәрдан жасалатын тастардың бағасы, мысалы, миллионға дейін баруы мүмкін. Жерлеуді ұйымдастыру бағасы Маңғыстау облысында көш бастап тұр. Онда аталған қызмет құны шамамен 62%-ға өскен. Мұнан соң Алматы, Атырау облысы тұр.

@janaarna
5 views09:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 15:10:35
Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі талқыланады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Ол ведомствоаралық комиссияның қарауына беріліп, сол жерде талқыланбақ. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тест мәселесі де ортаға салынады.

Сондай-ақ Тоғжанов елде екпе жұмыстарын күшейту керектігін атап өтті.

@janaarna
5 views12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 15:32:00
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға іссапары барысында мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

Президент Түрікменстанға Ашхабадта ұйымдастырылып жатқан VI Каспий саммитіне қатысуға келді. Айта кетейік, бұл – Сердар Бердімұхамедов Президент болып сайланғаннан кейінгі екі ел басшыларының алғашқы бетпе-бет кездесуі. Осыған орай Мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің нәтижесі Каспий маңы мемлекеттерінің достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетініне сенім білдірді.

@janaarna
4 views12:32
Ашу / Түсініктеме