Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 4

2022-07-27 11:25:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады.

Президент Ираклий Гарибашвилиге ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмылдырудың маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ олар көлік-логистикалық іс-қимылдарға да ерекше назар аударды. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүмкіндігі бар болғандықтан, Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Мемлекеттер аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайту үшін зор маңызы бар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша серіктес саналады.

@janaarna
3 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 14:06:00
Қазақстанда электр самокатты қолданатын азаматтарға қойылатын талаптар белгілі болды. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, электр самокатына қатысты стандарт қабылданған соң, жол қауіпсіздігі туралы заңдарға және Әкімшілік кодекске осы жыл ішінде өзгертулер енгізіледі.

Стандартта электр самокаттарының қозғалысы мен жүру тәртібі көрсетіледі.

"Самокаттардың түрлері, оның жүргізушісіне берілетін мәртебе және оның міндеттері мен құқығы сынды талаптар көрсетіледі. Бұл нормаларды басқа мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері талқылайды. Электр самокатын қолданушылардан жүргізуші куәлігі сұралмайды. Алайда самокат айдаушылар жолға, қоғамдық көлік жолағына шықса, олардың жасы 16-ға толуы керек. Электр самокаттарында міндетті түрде жарық болуы керек. Қалған талаптарды заңға өзгерістер енгізу кезінде талқылаймыз", — деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев.

@janaarna
6 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 09:01:13
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд екі ел арасында тауар айналымын едәуір арттыруды жоспарлап отыр.

Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен келіссөз барысында Қазақстан басшысы мен Сауд Арабия ханзадасы сауда-экономика және инвестиция бойынша әріптестік мәселелерін талқылаған.

Тоқаев "Қазақстан сауд инвесторлары үшін өзара мүддені көздейтін түрлі перспективті салалар бойынша ерекше шарттар мен кең көлемде артықшылықтар ұсынуға дайын" деп мәлімдеді.

Мұхаммед бен Салман сауд компанияларының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл ғаламдық азық-түлік дағдарысы жағдайында ерекше маңызды.

@janaarna
5 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 15:09:54
eGov Mobile мобильді қомысшасына биометрия арқылы кіруге болады. Бұл жаңарту қосымшаның көбірек функционалын пайдалануға мүмкіндік береді және азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.

Енді қосымшада авторизациядан өту үшін Digital ID бейне идентификациясынан өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу керек. Бұрын кіру қысқа SMS коды немесе ЭЦҚ кілттері арқылы жүзеге асырылды. Енді кіру тек биометрия арқылы жүзеге асырылатын болады.

"Digital ID қазақстандықтарға бір реттік парольден гөрі қызметтерді алу мүмкіндігін береді. Енді биометрияны қолдану арқылы авторизациялау процесі әлдеқайда жеңіл және жылдам болды. Біз әрқашан қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне мән береміз және бұл ретте авторизацияның осы түрінің артықтықшылықтары көп", — деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

@janaarna
3 views12:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 11:44:37
ШҚО-ның Ұлан ауданында кеше із-түзсіз кеткен 3 жасар бала табылды.

Бала аман-есен табылған.

"Жедел іздестіру нәтижесінде, үш жасар бала тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқаптан табылды. Қазіргі уақытта бала үйінде, ата-анасының қасында. Ата-анасы іздестіруге көмектескен барлық азаматқа алғыс атты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — делінген хабарламада.

Балақай кеше ауладан шығып кетіп, содан үйге оралмаған. Әкесі облыстық Ішкі істер департаментіне хабарласып, көмек сұраған. Сол сәттен бастап 621 адам мен бір тікұшақ іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.

@janaarna
4 views08:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 09:03:00
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің табысы мен шығыны да бақылауға алынуы мүмкін.

Мәжіліске түскен заң жобасында шенеуніктердің табысы мен шығыны арасында айырмашылық байқалса, оларға айыппұл салынатыны көрсетілген. Яғни, айырмашылық 1 000 айлық есептік көрсеткіштен асса, оған сол айырмашылықтың 90%-на тең болатын айыппұл салынады.

Ал шығыс пен кіріс арасындағы табыс мемлекеттік қызметкердің жылдық табысынан асып кетсе, ол қызметінен босатылады. Бақылау мемлекеттік қызметкердің декларациясына ғана емес, туыстары мен отбасы мүшелерінің шығынына да жүргізіледі.


@janaarna
4 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 08:19:00
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 3 тамызда өтеді.

"Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9:30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді", — деп хабарлады сот.

Желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Шенеуніктер Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

@janaarna
4 views05:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 15:25:36
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі.

Құжат мәтініне сәйкес, Қазақстандағы мерекелер тізбесіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні кіруі мүмкін. Мереке күні шартты түрде 16 сәуірге белгіленді.

"Қазақстан халқын тәулік бойы жылумен, электрмен және сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалап, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады және күтеді", — делінген ведомствоның қаулысының жобасына түсіндірме хатта. делінген.

Министрлікте атап өткендей, мұның бәрі "азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды".

Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстанда ғана сақталып қалды.

@janaarna
4 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 08:54:14
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 қазақстандық ауыр халде жатыр

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

22 шілдедегі мәлімет бойынша, 14 026 адам коронавирус инфекциясынан (–13 893+ және 133 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 206 пациент стационарда, 12 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 25 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

@janaarna
6 views05:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 15:28:00
Алматы қаласының мәслихаты құрамында өзгерістер болды. Қайрат Құдайбергенді Amanat партиясынан шығарып, депутат мәртебесінен айырды

Алматы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясы өтіп, 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді. Оның негізінде мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес Мұрат Әділханов, Ләззат Ибрагимова, Есенгелді. Талбидинов, Қали Сәрсенбай, Арман Жүдебаевты, Мұхтар Зулеев, Райхан Бөлекбаева, Әлібек Құрманбек депуттар тізімнен шықты.

Сондай-ақ, Amanat және Қазақстан Халық партиясы өз құрамынан Қайрат Құдайбергенді, Ақбөпе Әбілқасымованы, және Әлібек Шапеновты шығарды.

@janaarna
4 views12:28
Ашу / Түсініктеме