Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2022-08-23 08:10:13
Алматыда жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болды деген күдікпен жұп ұсталды.

Алматыда туғанына алты күн болған қызды 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы ер адам 2 млн теңгеге сатпақ болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"Жұп әлі тумаған баланы сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастаған. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы келген. Олар 48 жастағы У. есімді азамат пен 46 жастағы Е. есімді әйел. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалыста жасалды", — деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Полицияда нәресте мен мәміленің қалған сомасын бір-біріне беру кезінде сатып алушылар мен делдалдардың бір уақытта ұсталғанын хабарлады. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынды.

@janaarna
20 views05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 15:55:05
«Кейбір ақпарат көздері мені «Қайрат» футбол клубының әлеуетті иесі болуы мүмкін деген қауесет тарата бастады.

Бірақ мен жағдайды түсіндіргім келеді – мен «Қайрат» клубының қожайыны болмаймын. Қазіргі уақытта «Жас Қыран» ФК мен жасөспірімдер футболын дамытуға басымдық беремін.»

Бұған дейін «Қайраттың» әлеуетті иелерінің қатарында «Freedom Holding Corp» инвестициялық тобының негізін қалаушы және негізгі иесі Тимур Турловтың да аты аталды.

Еске салайық, алматылық клубтың бақылау кеңесінің қазіргі төрағасы Қайрат Боранбаевты қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстаған болатын. Қызметкердің үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

@janaarna
3 views12:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:45:00
Катонқарағай ауданына әуежай салу жоспарда бар.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, өңірдегі әуежайлардың инфрақұрылымы 2018 жылдан бастап жаңғыртылып келеді. Мәселен Семей мен Өскемендегі әуе айлақтары жөнделді.

"Енді жарамдылық сертификатын аламыз. Содан кейін аудандағы әуежай жұмысын қайта бастайды. Оған қоса болашақта Катонқарағай ауданында әуежай салу жоспарда бар", – дейді ведомство басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

@janaarna
3 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 08:42:01
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімов пен басқа айыпталушылардың ісі бойынша тергелді.

ҰҚК Самат Әбіштің ұсталған басқарманың бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екенін мәлімдеген.

Алайда оған қатысты қылмыстық іс тіркелмеген, бұлтартпас шарасы қолданылмаған екен.

@janaarna
2 views05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 07:37:01
Ақкөл қаласының әкімдігі 2.5 миллион теңгеге салынған қалалық стадионның киім ауыстыратын бөлмесіне қатысты пікір білдірді.

"Негізгі келісімшарт бойынша жобалық-сметалық құжаттама негізінде тек футбол төсемін жасанды абаттандыруды және жүгіру жолының тартан жабындысын төсеу жұмыстары жоспарланған болатын. Киім ауыстыратын бөлмені орнату қосымша келісіммен енгізілген, бірақ қаржыландырудың болмауынан жұмыс аяқталмады", - деді әкімдік өкілдері.

Бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық қорының директоры Дидар Смағұлов киіну бөлмесін қораға ұқсатып балаларға жарамсыз екеніне нұсқады.

Стадионды қайта жөндеуге жалпы 60 миллион теңге жұмсалды, алайда футбол, баскетбол алаңы мен жүгіру жолын жабу сапасы мақсатына сай келмейді.

@janaarna
3 views04:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 15:12:00
Мәнерлеп сырғанаушы марқұм Денис Теннің сценарийімен түсірілген "Соқыр махаббат" фильмі кинотеатрларда тұсауын кесті.

2018 жылдың маусымында ол фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдаған және финалистер қатарынан көрінді.

Түсірілім жұмыстары спортшы өлімінен кейін 2019 жылы басталған. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етті, режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды.

Фильмнің жалпы ұзақтығы – 33 минут, түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгеріссіз қалдыруға тырысқан.

@janaarna
3 views12:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:28:00
@janaarna-дағы аптаның ең қызықты жаңалықтары

ШҚО-ның Ұлан ауданында кеше із-түзсіз кеткен 3 жасар бала табылды
https://t.me/janaarna/164

eGov Mobile мобильді қомысшасына биометрия арқылы кіруге болады
https://t.me/janaarna/165

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд екі ел арасында тауар айналымын едәуір арттыруды жоспарлап отыр
https://t.me/janaarna/166

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады
https://t.me/janaarna/168

Динара Сәдуақасова 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тартты
https://t.me/janaarna/169

@janaarna
4 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 15:57:13
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады.

Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Бағдарлама шаралары аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндірістік бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион еңбеккердің жалақысы өскенін баяндады.

@janaarna
2 views12:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:11:00
Нұр-Сұлтан әуежайының электрон поштасына қолдан жасалған жарылғыш құрылғы туралы хабарлама жіберілген. Хабарлама жалған болып шықты.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 28 шілдеде авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электрон поштасына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

@janaarna
3 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:41:09
Шахматтан әлем чемпионы, қазақстандық Динара Сәдуақасова 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тартты.

"Осы жазда мен Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірқатар жағдайларға байланысты жауапты шараға дайындала алмадым. Дегенмен алдағы жарыстарға міндетті түрде қатысамын деген сенімдемін", — деп жазды ол.

Сондай-ақ спортшы осы жазбасы арқылы олимпиадаға қатысатын қазақ спортшыларына сәттілік тіледі.

@janaarna
2 views12:41
Ашу / Түсініктеме