Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-31 17:23:10 Полиция Жетісу облысындағы оқушының қазасына қатысты ақпарат таратты

Ер адам айуандықпен жасаған қылмысының іздерін жасыру мақсатында мәйітті өртеуге тырысқан.

Күдікті аса ауыр қылмысы үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ полиция әлеуметтік желіде осы дерекке қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Қазір Панфилов ауданында полиция жасағы күшейтілді.

https://t.me/halyqunimedia
5.1K viewsedited  14:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 15:53:46
Жетісу облысында қызды зорлау және өлтіру ісі бойынша күдікті ұсталды

Панфилов ауданында кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлап, өлтірген 38 жастағы ер адам қамауға алынды. Оның бұрын сотталғаны анықталды.

Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оған қатаң жаза қолданылады.

Облыстың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Әкімдік бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ екенін айтты.

https://t.me/halyqunimedia
8.0K viewsedited  12:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 09:14:50
Қазақстандық балуан еркін күрестен Әлем чемпионы атанды

Римде өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дарын Әскербек алтын медаль жеңіп алды.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Дарын финалда америкалық Джексен Патрик Форрестпен кездесті.

https://t.me/halyqunimedia
4.6K viewsedited  06:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 17:22:07 Ұлттық ұланда екі әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Степногорскіде мерзімдік әскери қызметші Оразбай, Ақтауда келісімшарт бойынша әскери қызметші Мерғалиев өз-өзіне қол жұмсады.

29 шілдеде Степногорскіде қатардағы сарбаз Н. Оразбай автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде өзіне қол жұмсаған. Ол 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.

30 шілдеде Ақтауда сағат 05.15-те әскери бөлімге аға сержант А. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант 1990 жылы туған, үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

Оқиғалардың мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

https://t.me/halyqunimedia
142 viewsedited  14:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 15:26:04
Болат Назарбаев денсаулығына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмай ма

Заңгер Абзал Құспанның айтуынша, алдымен қылмыстық іс қозғалған азаматтың денсаулығына дәрігерлер баға беруі қажет. Содан кейін ғана жазаны жеңілдету немесе жазадан босату жағы қаралады.

«Болат Назарбаевқа және сыбайластарына қатысты Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті «рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оны қаржы мониторингі агенттігі де растады. Ал оның журналистер арқылы ауырып жатқанын көрсетуге тырысуы жазадан құтылуға негіз бола алмайды», - дейді заңгер.

Айтуынша, денсаулығына байланысты жазадан босату немесе жазаны жеңілдетуді тек сот шешеді.

Толығырақ

https://t.me/halyqunimedia
730 viewsedited  12:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 09:26:05
Димаш студенттер арасындағы шығармашылықты дамытуға атсалысады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

“Димаш Құдайберген бүгін бізге қонаққа келді. Әлемге әйгілі әнші студенттер шығармашылығын дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалар жөніндегі идеяларын бөлісті”, - деп жазды министр.

Ол әншімен шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджментке қажет кадрлар даярлау мәселесі де талқыланғанын айтты.

https://t.me/halyqunimedia
1.6K viewsedited  06:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:13:48
Қазақстанда 3,5 мыңға жуық ер адам декреттік демалысқа шыққан. Ер адамдардың декреттік демалысқа шығуына қалай қарайсыз?
Anonymous Poll
37%
Әйелдер шыққаны дұрыс
16%
Бала күтіміне ер адамдар да жауапты
23%
Кімнің жалақысы көп, сол шықсын
23%
Ер адамның декретке шығуына қарсымын
180 voters566 views11:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:00:03 Бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлемдердің мерзімі ұзаруы мүмкін

1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін әлеуметтік төлемнің мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзарту қарастырылып жатыр.

Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.

Қазақстанда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақының орташа мөлшері – 41 мың теңге.

https://t.me/halyqunimedia
2.0K viewsedited  09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 10:25:12
Ұлытау облысында ауыз судан құрт шықты

Қарсақпай кентінің тұрғындары судың сапасына жауапты мекеме хабардар екенін, алайда ешқандай шара қолданбай отырғанын айтты.

Тұрғындардың айтуынша, ауыз су үйлерге су сақтау қондырғысынан келеді.

https://t.me/halyqunimedia
1.6K viewsedited  07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:27:28
Алматыда қызды танысы зорламақ болған. Оны көшедегі адам құтқарып қалды

29 шілдеде бойжеткен жолда тоқтаған көлік жүргізушісіне өзін әлдебіреудің зорламақ болғанын айтып, көмек сұраған.

Алматы қаласы полициясы зорлауға оқталу фактісі бойынша тергеу бастады.

22 жастағы жәбірленуші қыз танысынан күдіктенеді. Оқиға болар алдында онымен бірге ішімдік ішкені анықталды.

https://t.me/halyqunimedia
2.4K viewsedited  06:27
Ашу / Түсініктеме