Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық ұланда екі әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады Степно | ХАЛЫҚ ҮНІ

Ұлттық ұланда екі әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Степногорскіде мерзімдік әскери қызметші Оразбай, Ақтауда келісімшарт бойынша әскери қызметші Мерғалиев өз-өзіне қол жұмсады.

29 шілдеде Степногорскіде қатардағы сарбаз Н. Оразбай автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде өзіне қол жұмсаған. Ол 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.

30 шілдеде Ақтауда сағат 05.15-те әскери бөлімге аға сержант А. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант 1990 жылы туған, үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

Оқиғалардың мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

https://t.me/halyqunimedia