Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-29 10:12:23
Қостанайда зейнет жасын төмендетуге қатысты митинг өтіп жатыр

Белсенділер әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа, ал ерекше балалары бар аналардың зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді талап етіп отыр.

Митингілер бүгін еліміздің бірнеше өңірінде өтеді.

Видео: Наша Газета

https://t.me/halyqunimedia
2.7K views07:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:49:52
Отставкаға кетуге өтініш берген Шөкеев Жетісайда өртенген базарға барды

Аймақ басшысы сауда алаңдарын тезірек қалпына келтіруге уәде берді.

26 тамызда Жетісайда «Күлпаршын» базарының аумағында өрт шықты. Салдыранын ауданы 500 шаршы метр жеке тұрған бір қабатты ғимарат пен ауданы 400 шаршы метр жер өртенген.

https://t.me/halyqunimedia
2.6K viewsedited  06:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 14:11:25
Тұрғымбаевтан қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша жауап алынды

Президенттің экс-кеңесшісі, ҚР Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтан қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша куәгер ретінде жауап алынды.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Тұрғымбаев 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда болып, 238 адамның өліміне әкеп соқтырған тәртіпсіздіктерден кейін Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметінен алынды.

https://t.me/halyqunimedia
2.7K views11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 14:55:09
Биыл 1 миллионнан аса оқушы тегін тамақтанады

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты.

“Жаңа оқу жылында тегін ыстық тамақпен 1-11 сынып оқушыларының 30%-ын яғни 1 млн-нан аса оқушыны, оның ішінде 100% әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 442,1 мың оқушыны қамтамасыз ету жоспарланып отыр”, - деді Бейсембаев.

Бұл Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы Шымкент қалаларында жүзеге асырылады.

https://t.me/halyqunimedia
3.2K viewsedited  11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 13:02:24
Жетісайда өртенген базар саудагерлері әкімдіктің уәдесіне сенбей отыр

Олар базарды қалпына келтіру жұмыстары 3-4 айға созылатынын айтты.

2022 жылдың 26 тамызында Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында өрт шықты. Салдыранын ауданы 500 шаршы метр жеке тұрған бір қабатты ғимарат пен ауданы 400 шаршы метр жер өртенді.

https://t.me/halyqunimedia
3.5K viewsedited  10:02
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 11:14:55
"Бұл әрекеті – өте дұрыс". Скляр Шөкеевтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Шөкеевтің тәжірибелі маман екенін атап өтті.

"Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кетуі туралы өтініш беретіні жазылған. Оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс", - деді Роман Скляр.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге өтініш берді.

Ал сіз қалай ойлайсыз?

https://t.me/halyqunimedia
3.4K viewsedited  08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 09:30:23
Жұманғариннің өзі дүкендегі бағаның айтарлықтай өскенін мойындады

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин қанттың қымбаттағанын ашық айтты.

Ол бүгін жиналыс өтетінін жеткізді. Онда қант бағасын төмендету мәселесі талқыланады.

https://t.me/halyqunimedia
3.8K viewsedited  06:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 07:30:06
Жәнібек Әлімханұлы толыққанды әлем чемпионы атанды

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ресми қаулысына сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы болды.

https://t.me/halyqunimedia
4.8K views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 06:37:36
Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты

Оқиға "Балқаш-Приозерск" тас жолының Гүлшат ауылында болған. "Опель Вектра" жөндеу жүріп жатқан жабық жолда "Хово" көлігімен соқтығысты.

"Опель Вектраның" жүргізушісі, оның 35-жастағы жұбайы және үш баласы оқиға орнында қайтыс болды. Бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.

https://t.me/halyqunimedia
7.1K viewsedited  03:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 14:09:34
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді

Ол 2019 жылдың ақпан айынан бастап облысты басқарды.

Алдағы уақытта өтінішін ел президенті қарастырады.

Аймақ басшысының өтінішіне Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты аппеляциялық сот үкімінің өзгеріссіз қалуы себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, 2022 жылдың 13 шілдесінде Мақажанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

https://t.me/halyqunimedia
5.2K viewsedited  11:09
Ашу / Түсініктеме