Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-27 07:06:12
Талғар көшелерінде көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Желіде көшеде бір топ шабандоздың көкпар тартысқан видеосы жарияланған еді.

Олар елді мекен аумағына кіріп, жол қозғалысына кедергі келтірген. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Полиция көкпарға қатысқан азаматтарды анықтады. Олар соттың шешімімен 10 тәулік мерзімге қамалды.

https://t.me/halyqunimedia
3.2K viewsedited  04:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 15:11:35
Көпбалалы отбасындағы әр балаға төленетін жәрдемақы белгіленді

Балалардың санына қарай 50 975 теңгеден 203 520 теңге дейін беріледі.

https://t.me/halyqunimedia
146 viewsedited  12:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:10:30
«Мен шәйді қантсыз ішемін». Тоқаевтан сөгіс алған министр қант тапшылығы туралы айтты

Сауда министрі «елде қант жоқ» деп айта бермеуге шақырды. Ол шайға қант емес, бал қосып ішеді екен.

Ауыл шаруашылығы министрі де шайды қантсыз ішетін болып шықты. Ол қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырып, күзде қант арзандауы мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Президент аталған екі министрге сөгіс жариялаған еді.

https://t.me/halyqunimedia
171 viewsedited  09:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 10:39:07
Биыл күзде қант арзандауы мүмкін

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Ол үшін елімізде қантты өндіру көрсеткіші 80%-ға жетуі керек. Қазіргі көрсеткіш – 49%.

Министр Қазақстанда қант қоры жеткілікті екенін айтты. Алайда бүгінде елордада қант тапшы, тұрғындар 1 келі қантты алу үшін 3-4 сағаттап кезекте тұрады.

Сіздерде қалай?

https://t.me/halyqunimedia
1.3K viewsedited  07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 09:29:33 Атырауда пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мәйіті табылды

Олардың артында 4 баласы қалды.

Күйеуі әйелін тұншықтырып өлтіріп, кейін өзі асылып қалған. Үйде балалар болмағандықтан қылмыс туралы ешкім білмеген.

25 шілде кешкі сағат жеті жарым шамасында полицияға 64 жастағы әйел хабарласқан. Ол пәтерге кіре алмай тұрғанын, қызы есік ашпай жатқанын айтқан.

Бұл пәтерді 30 жастағы әйел бір ай бұрын жалға алған. Сондай-ақ ерлі-зайыптының ажырасқалы жүргені анықталды.

Полиция екі бап бойынша іс қозғады.

https://t.me/halyqunimedia
2.3K viewsedited  06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 08:32:42
Ұлытау облысында белгісіз індеттен 70-ке жуық ірі қара арам өлді

Ауру 200-ге жуық шаруа қожалығы бар Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ ауылында тараған. Олар індетпен 3 жылдан бері күресіп келеді.

Ауру жұқтырған мал күйіс қайырмайды, сауын сиырдың сүті тоқтап, әбден әлсіреген соң өледі.

Ветеринарлар патологиялық сынамалар алып, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға жіберді. Алайда екі жақтан екі түрлі диагноз келді. Бірінде мал ринотраxеит инфекциялық ауруынан қырылды десе, екіншісі кенеден тейлериоз жұққан деген қорытынды шығарған.

Шаруалар мал өлексесін өздері өртеп, көміп жатыр. Алайда қорым айналасы қоршалмаған. Залалсыздандыру жұмыстары да жүргізілмеген.

https://t.me/halyqunimedia
389 viewsedited  05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:45:44
Қазақстанда ең жас және жасы ең үлкен әкім кім?

Елімізде жасы ең үлкен әкім Шығыс Қазақстан облысын басқарады, ол - 68 жастағы Даниал Ахметов. Одан кейін Жетісу өңірінің басшысы Бейбіт Исабаев (59 жас) пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58 жас).

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әріптестерінің ішіндегі ең жасы. Ол қазір 40 жаста.

Одан кейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жаста) мен елорда әкімі Алтай Көлгінов (44 жаста).

https://t.me/halyqunimedia
727 viewsedited  04:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:07:36
Алматы әуежайында төбелес: тәртіп сақшысы оқ атуға мәжбүр болды

Әуежайдың автотұрағында мас үш ер адам төбелескен. Олар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап беріп, тіпті полицейді соққыға жықпақ болған.

Ауыр қылмыстың жолын кескен тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оқ атты.

Полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетін болады.

https://t.me/halyqunimedia
1.3K viewsedited  04:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 06:57:28 Риддерде экс-полицей адамдарға оқ жаудырды

Риддерде мас ер адам қолына пневматикалық атыс қаруын алып пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан.

Ол екі азаматты жаралаған. Ер адамды жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары тоқтатты. Ол бұрын полиция қызметкері болғаны анықталды.

Екі жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

https://t.me/halyqunimedia
1.1K viewsedited  03:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 14:58:50
Аптап ыстық: Түркістандықтар күннің астында жұмыртқа қуырып жатыр

Бүгін өңірде 40 градустан жоғары ыстық болды. Тұрғындардың осыны пайдаланып, жұмыртқа қуырған видеосы желіге тарады.

Ал сіздің өңірде ауа райы қандай болып тұр?

https://t.me/halyqunimedia
1.5K viewsedited  11:58
Ашу / Түсініктеме