Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-28 06:51:51
Серік Ахметов өзін толық ақтауды сұраған жоқ – Жоғарғы сот

Бұрын жемқорлық қылмысы үшін сотталған Серік Ахметовтің мемлекеттік органдарға ресми хат жолдап, Жоғарғы соттан өзін толық ақтауды, бұл істі «қолдан ұйымдастырғандарды» жауапқа тартуды сұрағаны хабарланған еді. Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков жазды.

Осы ретте Halyq Uni тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.

Жоғарғы соттың жауабы бойынша, Ахметов өзі осы күнге дейін кассациялық тәртіпте сот актілеріне шағымданбаған. Айыптау үкімін қайта қарау туралы мәселе көтерілмеген.

https://t.me/halyqunimedia
434 viewsedited  03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 06:23:30 Елімізде бір күнде 3 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 3175 дерек тіркелді:

Нұр-Сұлтанда – 915
Алматыда – 767

Өзге өңірлер

https://t.me/halyqunimedia
558 viewsedited  03:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 16:45:08
Атырау мұнай өңдеу зауыты өртеніп жатыр

Осыған байланысты зауыттың жұмысы тоқтаған.

Видео оқырманымыздан.

https://t.me/halyqunimedia
1.8K viewsedited  13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:01:10 Өңір «қызыл» аймаққа өтсе, қатаң карантин енгізіледі

Бұл туралы бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

«Қызыл» аймаққа өткен өңірлерде төмендегі шектеулер енгізіледі:

10-нан аса адамның қатысуымен өтетін кеңестер онлайн форматта өтеді;
Жабық ғимараттарда міндетті түрде маска тағу;
Жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу;
Қазақстанға келген жағдайда адамда вакцинация, ревакцинация болмаса, сондай-ақ, егер соңғы вакцинация немесе ревакцинация алғаннан бастап 6 ай өтсе, ПТР-тест тапсыру.

Толығырақ мына жерден оқыңыз.

https://t.me/halyqunimedia
2.4K viewsedited  12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 13:02:27
Бүгін қос қаһарманның туған күні

Еліміздің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің туған күні. Тоқтар Әубәкіров биыл 76 жасқа толды. Ал Айдын Айымбетов 50 жасқа келді.

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2 қазанында ғарышқа ұшты.

Айымбетов 2015 жылы 2 қыркүйекте ғарышқа аттанды.

Қазақтан шыққан ғарышкерлерді құттықтап қояйық.

https://t.me/halyqunimedia
888 viewsedited  10:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:45:57 Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған 1,3 млн теңге ел бюджетіне қайтарылды

Мемлекеттік аудит барысында Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарынан алтын медальсіз қайтқан еді. Құрама қоржынында 8 қола медаль түскен болатын.

https://t.me/halyqunimedia
505 views08:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 10:10:43
Павлодарлық дәрігерлер қансырап жатқан баланы жансақтау бөліміне жатқызудан бас тартқан

Мүмкіндігі шектеулі 5 жасар бала бір күн бойы өліммен арпалысқан. Миына қан құйылғанын көре тұра, облыстық балалар емханасының дәрігерлері баланы жансақтау бөліміне жеткізуге асықпаған.

Әл-Тайырдың жағдайы нашарлай берген соң анасы барлығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялайтынын айтқан.

Содан кейін ғана ұлымды жансақтау бөліміне алып кетті”, - дейді Гүлзат Ихсанова.

Осыған қатысты Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

https://t.me/halyqunimedia
1.3K viewsedited  07:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:31:02
Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі қызметін аяқтаған соң атқарылған жұмысы туралы есеп берді

Ол Білім және ғылым министрі ретінде атқарған жұмысы туралы парақшасында есеп беріп, әріптестеріне алғыс айтты.

Аймағамбетов 11 маусымнан бастап Оқу-ағарту министрі қызметіне кірісті.

https://t.me/halyqunimedia
2.5K viewsedited  06:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:06:15
Мырзатай Жолдасбековтың жары өмірден өтті

Желіде 85 жасқа қараған шағында филолог-лингвист Мария Ғабдуллинаның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар тарады. Ол қазақ тілін оқыту әдістемесінің авторы болған.

Мырзатай Жолдасбеков - мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор.

Фото: e-history.kz

https://t.me/halyqunimedia
5.1K viewsedited  06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 08:04:15
Арман Шораев астанада сепаратистік ән шырқағандар туралы айтты

Қазақстанның қоғам белсенділері елімізде соғысты насихаттап, ресейлік пропагандамен айналысып жүрген азаматтарды жазалауды талап етті.

Еске сала кетейік, елордадағы Есілдің жағалауындағы қоғамдық орында бір топ жас ресейлік жалдамалы жендеттер туралы ән орындағанын жазған болатынбыз.

https://t.me/halyqunimedia
3.5K viewsedited  05:04
Ашу / Түсініктеме