Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 08:40:35
Білім мәселесі: Қазақстанда жаңа ұлттық жоба қолға алынады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз.

Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

https://t.me/halyqunimedia
875 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:28:45 Ен байлыққа қосымша салық салынады

Салық реформасы аясында «байлық салығы» енгізіледі. Бұл туралы Президент жолдауында айтты. Жаңа салық табысы орташа қазақстандықтарға салынбайды.

«Өркениетті сауданы дамыту үшін ақылға қонымды мөлшерлеме және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында «байлық салығын» енгізу маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлікті, көліктерді сатып алғанда алынады және орта тапқа әсер етпейді», - деді мемлекет басшысы.

https://t.me/halyqunimedia
886 viewsedited  05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:26:45
Жақын шетелден келген көліктерді тіркеу - 250 мың теңге

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын шетелден келген көліктерді тіркеу мәселесіне тоқталды. Ол 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген көліктерді 200-250 мың теңгеге тіркеу мүмкіндігін беру керектігін айтты.

Алайда, заңсыз енгізілген автокөліктер тіркелмейді.

https://t.me/halyqunimedia
842 viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:17:13 Президент: "Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады"

«Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз.

Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек», -деді Тоқаев.

https://t.me/halyqunimedia
797 viewsedited  05:17
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:09:53
Депутаттар палата отырысына тіркелді

Сенаттағы 55 депутаттың 50-і, Мәжілістің 107 депутатының 100 депутаты қатысып жатыр.

Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты.

https://t.me/halyqunimedia
859 views05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:02:30 Мемлекет басшысынының Қазақстан халқына жолдауы басталды

Жолдауды тікелей эфирден көре аласыздар.

https://t.me/halyqunimedia
877 viewsedited  05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 07:39:20
Аймағамбетов білім күнінде елордадағы мектепке барды

Оқу-ағарту министрі Нұр-Сұлтан қаласындағы №86 мектеп-гимназиясына барып, жаңа оқу жылын салтанатты түрде ашты.

Министр журналистердің бірнеше сауалына жауап берді. Соның ішінде дене шынықтыру мен өзін-өзі тану, орыс тілі пәндерінің мәселесіне қатысты сағат қысқармайтынын, бәрі заңға сәйкес бөлінетіндігін айтты.

Сонымен бірге, жаңа мектептердегі мәселе - білікті мамандарды дайындау. 2025 жылға дейін салынатын мектептерге 100 мың білімді-білікті педагог керек. Бастауыш сынып мұғалімдері, математика, физика, химия пәнінің мұғалімдеріне қажеттілік туып отыр.

https://t.me/halyqunimedia
305 viewsedited  04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 07:15:54
Бүгін - білім күні!

Жаңа оқу жылында біршама өзгерістер болады:

Оқу жылы ұзартылады
Оқу аптасы бескүндікке көшеді
1-сыныптарға қазақ тілі міндеттеледі
Ағылшын тілі тек 3-сыныптан бастап оқытылады
Домбыра 6-сыныптан бастап үйретіледі

Білім алушылар мен ұстаздарға сәттілік!

https://t.me/halyqunimedia
455 viewsedited  04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 19:24:57
Петропавлда құрылыс алаңынан 20 жастағы қызметкердің денесі табылды

Құрылыс алаңы маңындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 28, 20 және 18 жастағы үш жұмысшы түтіннен зардап шекті. 20 жастағы жігіт сол жерде көз жұмды. Зардап шеккен екі адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

https://t.me/halyqunimedia
1.5K viewsedited  16:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 14:44:08
Желіде той үстінде қыздан орамалын шешуді талап еткен әйелдің видеосы талқыланып жатыр

Видеодан тұрмысқа шығып жатқан қыздың орамал таққанын көруге болады. Ал әйел оған ашуланып, қол көтерген. Желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір қалдырып, әйелдің әрекетін сынға алды.

https://t.me/halyqunimedia
2.7K viewsedited  11:44
Ашу / Түсініктеме