Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 73

2022-04-21 06:38:10
Павлодарда тағы бір мектеп өртенді: ұстаздардың бірі зардап шекті

Бүгін таңғы сағат 08:04-те Павлодар қаласындағы тағы бір мектепте өрт шықты. Білім ордасынан 600-ге жуық адам эвакуацияланған. Бір ұстаз зардап шекті. Тілсіз жау әлі толық өшірілген жоқ.

Жергілікті өрт сөндіру қызметіне Павлодардың №28 орта білім беру мектебінде өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Білім мекемесінің шатыры жанып жатыр. Тілсіз жау шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыды.

Құтқарушылар келгенге дейін мектептен 576 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оның 551-і оқушы. Өкінішке қарай, бір ұстаз зардап шегіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында 50 өрт сөндіруші, 12 арнайы техника жұмыс істеуде.

Бұл - соңғы аптада Павлодарда өрт шыққан осымен екінші мектеп. 15 сәуірде Павлодар қаласындағы №1 жалпы орта білім беру мектебінің кітап сақтайтын бір бөлмесі толығымен өртеніп кеткен еді. Тілсіз жаудан 5 оқушы зардап шекті.
205 viewsedited  03:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 06:15:06
Биыл Қазақстан мектептерінде 9 мамырға арналған линейкалар өтпейді

Мектептерде 7 және 9 мамырда атап өтілетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. 9 мамырға арналған мектеп линейкалары жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Әскери киім мен керек-жарақтарды қолданудың, театрландырылған көріністер қоюдың қажеті жоқ. Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», - делінген БҒМ жауабында.

көрнекі фото: 7-su.kz
208 viewsedited  03:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 20:38:12 "Мен облыс әкімі орынбасарларының бәрін президенттің тапсырмасына қарамастан еш нәрсеге қол қоймай қарап отыруға шақырамын".

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Нұрлан Таубаев соттағы соңғы сөзін айтты.

Мақаланы оқу...
269 viewsedited  17:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 15:18:09 ХАЛЫҚ ҮНІ pinned « Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты…»
12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 15:17:55 Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді

«Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
681 views12:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 15:01:26
Мектеп жарғысында мекемедегі оқу және тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілетіні анық айтылған. Бірақ соған қарамастан мектеп басшылығы мен қалалық білім басқармасы №20 мектептегі қазақ сыныптарын басқа гимназия мәжбүрлеп көшірмек болған. Толығырақ…
284 viewsedited  12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 14:57:23
Өткенде СҚО тұрғыны Игорь Лазарев "Кәсіпкер марқұм ұлының жанына жерленген әкемнің мәйітін қазып алып, басқа жерге көмген" деп мәлімдеме жасаған еді.

Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлері марқұмның табытын қайта көтеріп, эксгумация жасады. Өйткені, Игорь қайта жерленген мәйіт әкесінікі екендігіне толық көз жеткізгісі келген.

https://halyq-uni.kz/aleumet/2084-sko-da-m-iit-osymen-ushinshi-ret-zherlendi-murdege-eksgumatsiia-zhasaldy/
332 viewsedited  11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 13:04:31 Атырау облысы - дәрігерлерге қатысты дау

2020 жылдың 29 желтоқсанында науқас Құрманғазы аудандық ауруханасына жатқызылған.

Дәрігерлер оған пневмония деген диагноз қойған. Қылмыстық іс материалдары бойынша оған жаңа жыл кезіндегі қарбаласта ешкім қарамаған деген тұжырым жасалып отыр.

Толығырақ сілтемеде...
276 viewsedited  10:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 12:27:35 КСО, Soft Art, Топаз-НС: мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады

ҚР үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылданды.
«КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын республика меншігіне береді.

«Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100%-ын береді.

«КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі.
281 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 11:25:02
Бүгінгі фото:

Қаңтарда қиратылған Елбасының ескерткіші сол күйі тұр

Талдықорған қаласында болған қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіш әлі қалпына келтіріліп, орнына қойылмаған.

Құлаған ескерткіші сол күйі тұр: тұғыры бөлек, ал табалдырық тасы төңкерілген күйінде әлі жатыр.
287 views08:25
Ашу / Түсініктеме