Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-26 13:15:43
2 жасар қызды құтқарған жігітке екі бөлмелі пәтер берілді

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 2 жастағы сәбиді кәріз құдығынан алып шыққан Арман Аманжоловқа демеушілер көмегімен пәтер кілтін табыстады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арман тереңдігі 4 метрлік кәріз құдығына құлаған бүлдіршінді құтқарып қалған еді.

https://t.me/halyqunimedia
5.1K viewsedited  10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 11:50:31
Желіде иттерді соятын орынның видеосы тарады

Алматы облысы Қарасай ауданы полиция басқармасы тексеріс бастады. “Жануарларға қатыгездік көрсету” бойынша қылмыстық іс тіркелді.

https://t.me/halyqunimedia
4.7K viewsedited  08:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:49:58
Жайық өзеніне батып кеткен әкімнің мәйіті табылды

Махамбет ауданының әкімінің денесін Сарайшық ауылы тұсынан жергілікті тұрғындар тапқан. Үстінде киімі болмаған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

31 шілдеде Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті.

https://t.me/halyqunimedia
2.2K viewsedited  14:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:06:11
Рим Папасы Қазақстанға келеді

Тоқаевтың шақыруымен 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

https://t.me/halyqunimedia
3.3K viewsedited  10:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:18:46
Атырауда суға кеткен әкімді іздеуге 44 адам кірісті

Махамбет ауданының әкімінің денесі әлі табылмай жатыр.

31 шілдеде Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті.

https://t.me/halyqunimedia
6.9K viewsedited  09:18
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:10:05 Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 миллионнан асуы мүмкін

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаменті осындай болжам дайындады.

Талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн (теріс сценарийде), 21,5 млн (оң сценарийде), ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін болуы мүмкін.

https://t.me/halyqunimedia
2.9K viewsedited  09:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 09:56:18
Павлодарлық қария тірісінде көрін қаздырып, асын берген

Қарттар үйінде тұратын ақсақал Сағадат Жұмабаев өз қабірін қаздырып, жақындарын жинап, асын беріп қойған. Тіпті мола басына құлпытас орнатып, аты-жөнін де жаздырған. 90-дағы ақсақал мұндай шешімге төрт жыл бұрын келген.

Ақсақалдың айтуынша, бұған ақтық сапарға аттандырар туысы қалмағаны себеп болған. 

«Бұл өлімнен қорыққаннан жасалып жатқан дүние емес. Өмір бар жерде өлім де бар. Көмілмей қалмаспын. Бірақ ешкімге масыл болғым келмейді. Қабірім дайын тұрса, әкеліп жатқызады ғой», - дейді қария.

https://t.me/halyqunimedia
5.3K viewsedited  06:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:47:48
Алматыда ер адам бір түнде үш көлік ұрлап, жол апатына түсті

28 жастағы ер адам BMW маркалы көлікті ұрлап бара жатқан жерінде “Ауди” көлігімен соқтығысқан.

Одан кейін Есік қаласында көшеде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетеді. Сол жерде Tоyota көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ол 28 жастағы бойжеткеннен Nissan көлігін тартып алады. Алайда көлік жолда аударылып, куәгерлер жедел жәрдем қызметін шақырған. Ол жедел жәрдем көлігін де ұрламақ болған.

Ер адам ұсталды. Оның есірткі пайдаланғаны анықталды.

Видео: kris_p_almaty

https://t.me/halyqunimedia
954 viewsedited  04:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 06:37:39
Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатында екінші алтынды алды

Камиль Куруглиев 92 келі салмақта чемпион атанды.

Финалда ол венгриялық Муса Арсункаевты мерзімінен бұрын жеңді.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтынды Дарын Әскербек алды.

https://t.me/halyqunimedia
1.3K viewsedited  03:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 20:51:14
Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кетті.

Оқиға Ортақшыл ауылындағы Жайық өзенінде болған. Бұл туралы округ әкімі полицияға хабарлады. Оның денесі әлі табылған жоқ.

Ринат Жанқылыш 1982 жылы туған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап Махамбет ауданы әкімінің қызметін атқарды.

https://t.me/halyqunimedia
6.0K viewsedited  17:51
Ашу / Түсініктеме