Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-31 12:34:52
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды.

https://t.me/halyqunimedia
2.7K viewsedited  09:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 09:57:24
«Басшылық күн бермейді». Елорда әкімдігіне қарасты компания жұмысшылары митингке шықты

«Астана тазалық» ЖШС-ның бір топ жұмысын жалақысын өсіруді талап етіп митингке шықты. Олар осыдан бір ай бұрын ЖШС басшысының орынбасары қызметіне кіріскен лауазымды тұлғадан қысым көріп отырғанын, жұмысшылардың жалақысын толық бермейтінін айтты.

Сондай-ақ басшылық тарапынан осы сияқты әділетсіздік жалғаса беретін болса жұмысқа шығудан бас тартатынын жеткізді.

https://t.me/halyqunimedia
3.2K viewsedited  06:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:40:27
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Бұған дейін облыс әкімі болған Шөкеев қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы оған өңірдегі көпжылдық еңбегі үшін алғыс айтты.

Дархан Сатыбалды Шымкент қаласының әкімі болған, 2019 жылдан бастап Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарды.

https://t.me/halyqunimedia
3.7K viewsedited  05:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:51:45
«ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды

Елдегі отын тапшылығына байланысты тиісті шара қабылдамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Одан бөлек, Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаздың» бірқатар жауапты қызметкерлері жұмыстан босатылды.

https://t.me/halyqunimedia
4.1K viewsedited  03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:42:42
БелАЗ «УАЗ» көлігін ішіндегі адамдарымен таптап кетті

Қарағанды облысындағы кен орнында көлік апаты болып, екі адам көз жұмды. Олардың біреуі – 40 жаста, екіншісі – 37 жаста.

3 адам ауруханаға жатқызылды.

https://t.me/halyqunimedia
4.3K viewsedited  03:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 04:44:50
КСРО-ның бірінші президенті Михаил Горбачев өмірден өтті

Горбачев ұзаққа созылған аурудан кейін 92 жасында қайтыс болды.

Ол жақында бүйрек ауруымен ауырып, емделген болатын. Бұл туралы 2022 жылдың маусымында Горбачев қорының баспасөз хатшысы Владимир Поляков хабарлады.

https://t.me/halyqunimedia
697 views01:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 13:25:05
Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды

7 және 9 жастағы екі бала басқа ауылда тұратын әкесіне жүк пойызына жармасып барғысы келген. Кейін олар қорқып, түсіп қалған. Балаларды полицейлер тауып алды.

Ауруханаға екі бала да бас-ми жарақаты және түрлі дене жарақатымен түскен.  2015 жылы туған бала көз жұмды.

Екінші баланың жағдайы орташа, қазір хирургия бөлімінде жатыр.

https://t.me/halyqunimedia
4.1K viewsedited  10:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 06:08:24
Бүгін – Конституция күні!

Ата заңның қабылданғанына биыл 27 жыл толды.

Тәуелсіздік жылдары Ата заң қалай өзгерді? Толығырақ сілтемеден оқи аласыз.

https://t.me/halyqunimedia
3.4K views03:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 20:10:29 Қарағандыда әскери қызметші қайтыс болды

Қайғылы оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің  52 859 әскери бөлімінде болған. Сарбаз сапта кетіп бара жатып аяқ астынан құлаған.

“Жүрегі тоқтап қалған. Медициналық бекет дәрігерлері оған дереу көмек көрсетті, жедел жәрдем қызметін шақырды. Алайда оны құтқара алмады...Қайтыс болған сарбаз 24 жаста болатын”, - делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

https://t.me/halyqunimedia
5.0K views17:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 11:27:12
Астанада зейнет жасын төмендетуге байланысты митинг өтті

Жиналғандар әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа төмендетуді талап етіп отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шамамен 150-160 адам жиналған. Митингтің алдын ала белгіленген орны өзгертілген.

https://t.me/halyqunimedia
9.6K views08:27
Ашу / Түсініктеме