Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-25 13:12:04
Президент Мамин мен Атамқұловты шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарды

Олардың орнына Ғалымжан Пірматов, Бақыт Сұлтанов, Әлібек Қуантыров енді.

Толық тізімді мына жерден көре аласыз.

Асқар Мамин 2019 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін премьер-министр қызметін атқарған, ал Бейбіт Атамқұлов 2019 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қаңтарға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған.

https://t.me/halyqunimedia
255 viewsedited  10:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:12:59
Атырау облысында автокөлік жүргізушісі 24 қойды қағып кетті

Оқиға 25 шілдеде Атырау облысы Жантерек елді мекені тұсында болған.

Ravon R4 автокөлігінің жүргізушісі 24 қойды қағып кеткен. Салдарынан 1,2 миллион теңге материалдық шығын келді.

Полиция қой бағып жүрген азаматтың малды тас жолдың үстінен өткізгенін анықтады. Оған жеке тұлғаның мүлкіне залал келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

https://t.me/halyqunimedia
1.3K viewsedited  09:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:41:49 Жаңа 2022-2023 оқу жылында не өзгереді

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылында енгізілуі мүмкін өзгерістердің бір парасын жариялады:

Мектептерде оқу жылы ұзаруы мүмкін

Ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап оқиды

Оқушылар қашықтан оқи ма

Мектеп формасы өзгереді

Шәкіртақы өседі

Толығырақ сайтымыздан оқыңыз.

https://t.me/halyqunimedia
3.8K viewsedited  07:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 08:13:45
Елордада бір топ ресейлік жас жалдамалы жендеттер туралы ән орындады

24 шілдеде қоғамдық орында
ресейлік жастар «Вагнер» жеке әскери компаниясы деген атпен танымал жалдамалы жендеттер туралы әнді орындады.

Есілдің жағасында көше караокесі жұмыс істейді. Демалушылар қалаған әніне тапсырыс беріп, тегін орындай алады.

«Вагнер» жеке әскери компаниясы - ресми мойындалмаған қарулы құрылым. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірқатар мемлекет «Вагнер» тобына санкция салды. Қазір олардың Украина жерінде соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпарат бар.

https://t.me/halyqunimedia
7.4K viewsedited  05:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 05:45:03 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2054 жағдай тіркелді.

Бетперде тағып жүрсіздер ме?

https://t.me/halyqunimedia
2.9K views02:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 02:40:32
229 views23:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 18:07:17 Маңғыстау облысында 10 адамды ағын су ағызып кетті

Оқиға «Голубая бухта» ауданындағы қатты жауыннан кейін болған. 

Түпқараған ауданында демалушылар суға түсіп, өздігінен шыға алмай қалды. Нөсер кезінде он адам, оның ішінде екі бала суда қалған.

Оларға облыстық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің арнайы техникасы көмекке келді. Құтқарушылар адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді.

Енді арнайы техниканың көмегімен суға батқан көліктерді шығарып жатыр.

https://t.me/halyqunimedia
875 views15:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 08:48:43 Алматы облысында атыс болып, екі адам жараланды Оқыс жағдай қала көшелерінің бірінде болған. Қарудан оқ атқандарды полиция іздестіріп жатыр. Қазір жарақат алған Есіктің 18 және 30 жастағы тұрғындары Еңбекшіқазақ орталық аудандық ауруханасында ем қабылдап…
1.3K viewsedited  05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 16:14:49 Алматы облысында атыс болып, екі адам жараланды

Оқыс жағдай қала көшелерінің бірінде болған. Қарудан оқ атқандарды полиция іздестіріп жатыр.

Қазір жарақат алған Есіктің 18 және 30 жастағы тұрғындары Еңбекшіқазақ орталық аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал бейбіт күнде оқ жаудырған күдіктілерге іздеу жарияланды.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

https://t.me/halyqunimedia
568 viewsedited  13:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 12:34:28
Жеті жылға сотталған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың үйінде түскен (бостандыққа шыққан) фотосы жарияланды.
857 views09:34
Ашу / Түсініктеме