Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ЖЕТІМ-ЖЕСІРГЕ, ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА, ӘЛЖУАЗ ӘРІ ШАРАСЫЗДАРҒА Қ | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ЖЕТІМ-ЖЕСІРГЕ, ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА, ӘЛЖУАЗ ӘРІ ШАРАСЫЗДАРҒА ҚОЛҰШЫН БЕРІП, МЕЙІРІМДІЛІК
ТАНЫТУ


«Мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол».
(«Хижр» сүресі, 88-аят).

«Сабырлылық танытып, жан-тәнімен Раббыларының разылығын қалап ертелі-кеш дұға ететіндермен (қарапайым мүміндермен) бірге бол (Олардан дәулеті асқан, дәрежесі артық әлдекімдерге көңілің ауып), оларды көзге ілмей қойма».
(«Кәһф» сүресі, 28-аят).

«Жетімді басынба, қайыр-садақа сұрағанға зекіп, ұрыспа».
(«Дұха» сүресі, 9-10-аяттар)

«Дінді жалғанға шығарғанды көрдің бе? Ол – жетімді жанынан қуатын, жоқ-жітікті тамақтандырмайтын әрі өзгені де (жақсылық жасауға) құлшындырмайтын адам».
(«Мағун» сүресі, 1-3-аяттар).

-ХАДИС:

Сәһл ибн Сағдтан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұмақта жетімге қамқоршы болған адамға осыншама жақын боламын», – деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып
көрсетті» – делінген.

(Бұхари, әдәб 24).

@hadister_jinagy