Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі ( | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шашының ұйпат-ұйпасы шығып, үсті-басы шаң-тозаң болып, көрінген үйдің босағасынан қуылып жүрген қаншама жан бар. Егер олар (қандай да бір мәселеге қатысты) Аллаһтың атымен ант ішсе, Аллаһ тағала олардың антын жалғанға шығармайды», (49) – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 138).

(49) Яғни, бір қарағанда жай ғана қарапайым адам немесе бейшара біреу болып көрінетін Аллаһтың қаншама әулие құлдары бар. Ондай адамдардың Аллаһ тағаланың алдындағы орны ерекше болғандықтан, ішкен анты, һәм ықыласпен жасаған әрбір дұғасы міндетті түрде қабыл болады, сондықтан ондай жандардың қарғысына қалмаған жөн.

@hadister_jinagy