Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ертеректе бір пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жорыққа аттанарда қауымына: «Енді ғана үйленіп, бірақ алғашқы түнін некелі жарымен бірге өткізіп үлгермеген; үй салып, бірақ шатырын жауып
үлгермеген; буаз қой немесе түйе сатып алып, солардың төлдетуін күтіп отырған адам маған ермей-ақ қойсын!» – деп жар салды. Сөйтіп, әлгі пайғамбар жасағымен жорыққа аттанды. Олар екінті намазының уақытында (немесе екінті намазына аз уақыт қала) бір елді мекенге келіп жетті. Сонда қолбасшы пайғамбар күнге қарап: «Сен де, мен де (бір Аллаһтың) әміріндеміз, – деді де, уа, Аллаһ тағалам! Күннің батуын кешеуілдете тұрғайсың», – деп дұға етті. Содан Аллаһ тағала оны жеңіске жеткізгенше күн батпады. Соғыс аяқталған соң, ол түскен олжаның бәрін бір жерге жинатты. Жиналған олжаның түгін қалдырмай өртеу үшін көктен от түсті, бірақ өртемеді. Сол кезде қолбасшы пайғамбар әскеріне: «Араларыңда олжаға қол сұққандар бар. Әр рудан бір-бір адамнан шығып маған қол беріп, алдымда ант етсін!» – деп жар салды. Ант қабылдау рәсімі барысында бір адамның қолы пайғамбардың қолына жабысып қалды. Пайғамбар әлгі адамға: «Олжаға қол сұққан сендердің араларыңда. Бүкіл руыңмен келіп қолымды алып, алдымда ант етіңдер», – деп бұйырды. Бұл жолы екі немесе үш адамның қолы пайғамбар қолына жабысып қалды. Пайғамбар оларға: «Ұрланған дүние сендерде», – деді. Олар сиырдың басына ұқсаған бір алтын бас алып келді. Пайғамбар оны үйіліп жатқан олжаға қосты. Сол-ақ екен көктен бір от түсіп олжаның түгін қалдырмай жалмап, өртеп жіберді. Бізден бұрын ешбір пайғамбар мен қауымға соғыстан түскен олжа адал емес-тін. Аллаһ тағала біздің қауқарсыз, әлсіз екенімізді білген соң оны біз үшін адал қылды», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, хумус 8; Муслим, жиһад 32).

@hadister_jinagy