Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Аллаһ тағалам! Саған ғана бойсұндым. Бір Өзіңе иман келтірдім. Саған ғана тәуекел еттім және күнәларым үшін тәубе етіп, бір Өзіңе қарай бет бұрдым. Сенің қолдауыңмен (дұшпандарға қарсы) күрестім. Уа, Аллаһ тағалам! Сенен басқа Тәңір жоқ. Тура жолдан тайдырып жіберуіңнен қорқып, Ұлылығыңа сиынамын. Сен өлмейтін мәңгі Тірісің. Ал жындар мен адамдар
өлім құрығынан құтыла алмайды», – деп дұға жасайтын еді», – деген.

(Муслим, зикр 67; Бұхари, тәһәжжуд 1/тәухид 7).

@hadister_jinagy