Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ҚАРТАЙҒАНДА САУАПТЫ ІСТЕРДІ КӨБІРЕК ЖАСАУҒА ҚҰЛШЫНДЫРУ | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ҚАРТАЙҒАНДА САУАПТЫ ІСТЕРДІ КӨБІРЕК ЖАСАУҒА ҚҰЛШЫНДЫРУ


«Сендерге ойланып-толғанған адамның (бұл өмірден) ғибрат алып (қыр-сырын) аңғара алатынындай жеткілікті ғұмыр нәсіп етпедік пе? Сонымен қатар, сендерге ескертуші (Пайғамбар да) келген болатын»
(«Фатыр» сүресі, 37-аят).


-ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала алпыс жас ғұмыр берген құлының ешбір сылтауына құлақ аспайды», (21) – деп айтқан» – делінген.

(Бұхари, риқақ 5).

(21) Яғни, пайғамбар жасына келгенше құлшылық жасамаған адамның «тағы да біраз өмір сүрсем, құлшылық жасар едім» деген сылтауы қабылданбайды.

@hadister_jinagy