Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛДАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖАЙЫНДА «(Кімг | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛДАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖАЙЫНДА


«(Кімге) қандай жақсылық
жасаған болсаңдар, Аллаһ тағала оны шүбәсіз біледі»
(«Бақара» сүресі, 215-аят).

«Жақсылық атаулының қайсыбірін істесеңдер де, Аллаһ тағала сол жайлы міндетті түрде біледі»
(«Бақара» сүресі, 197-аят).

«Кімде-кім мысқалдай
(тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады»
(«Зілзала» сүресі, 7-аят)

«Кімде-кім жақсылық жасаса,
өзіне (яғни пайдасын өзі көреді)»
(«Жәсия» сүресі, 15-аят).

-ХАДИС:

Әбу Зәрр (р.а.): «Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ең абзал іс қандай?» – деп сұрағанымда: «Аллаһқа иман келтіру және дін жолында күресу», – деп жауап берді. Мен тағы: «Қандай құлды азат етудің сауабы көп?» – дедім. Ол: «Қожайыны жоғары бағалайтын әрі құны қымбат құлды», – деді. Мен: «Оған шамам келмесе қайтемін?» – дедім. Расуллаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Еңбек еткен біреуге көмектесерсің, я болмаса, қолынан іс келмейтін біреуге қолұшын берерсің», – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұлардың ешбірін де істей алмасам қайтемін?» – дедім. Сонда Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ендеше, ешкімге зияның тимесін. Расында, бұл-дағы өзің үшін берген садақа болады», – деп жауап қатты», – деген.

(Бұхари, итқ 2; Муслим, иман 136).

@hadister_jinagy