Get Mystery Box with random crypto!

Біз мынаны түсінейік, “менің атам батыр болған, сенің атаң бат | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Біз мынаны түсінейік, “менің атам батыр болған, сенің атаң батыр болған” дегенді қою керек. Яғни тарихымыздағы батырларды айтып мақтана береді. Бірақ өзі қорқақ, атасы батыр болса да. Және ұмытпаңыз, "апачилердің де" аталары мықты болған... Олардан тек кино мен естеліктер қалды.

Сәйкесінше, бұрынғы көшпелі мемлекет ретінде, бізге мынаны аса терең түсіну қажет: біздің көшпелі империя баяғыда құлдырап кеткен және біздің әлем жөніндегі барлық қалыптасқан түсініктерімізде онымен бірге қоса құлдыраған.

Бүгінгі күні бізге озық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына негізделген жаңа империя құру қажет. Бізге қазақ тілі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озық тілі ретінде танымал болатын білім империясын құру керек.

Адамдар көп жағдайда өздерінің мүдделері үшін қызмет етеді. Біздің міндетіміз, кез-келген адам өз қызығушылықтарына қол жеткізе отырып, сол уақытта қоғамның да әл-ауқатын арттыратын жүйе қалыптастыру. Яғни, адам өзін ауқаттандыра отыра, бүкіл қоғамды да ауқатты ететін жүйе құру.

Ең маңыздысы, Бізге өзіміздің ұлы өткеніміз туралы қыңқылдай беруді тоқтатып, ұлы болашақ жасайтын уақыт келді!!!

Сәттілік Бізбен Бірге!