Get Mystery Box with random crypto!

'Елді менсінбегенді, ел менсінбейді!' Үш құрлықты иеленген Ос | ERBOLAT MUHAMEDJAN

"Елді менсінбегенді, ел менсінбейді!"

Үш құрлықты иеленген Осман патшаларына "Тәкаппар болма патшам, сенен де ұлық Алла бар екенін ұмытпа" деп айқайлайтын рәсім болған.

Негізінде тәкаппарлық зияннан басқа түк те емес. Кейбір шенеуніктер (әсіресе министрлер) өз қателіктерін ашық мойындаған кезде ғана еститін үкіметті қалыптастыра аламыз. Тек естіп қана қоймай, дұрыс шешімді шығарған кезде сенім кредиті қайтады. Оған дейін бла-бла деп жазған постарынан ешқандай нәтиже болмайтынын түсінуі қажет.

Кейбір министр немесе әкімдердің пиарды қатты жақсы көретінін білеміз. Және қвлай қаражат бөлетінін де жақсы білеміз. Нәтижесінде сол пиар үшін біраз қаражат әртүрлі жолдар арқылы бөлінеді. Бірақ ол қаражат халыққа дұрыс ақпаратты жеткізумен емес, сол органның басшысын мақтауға кетеді. Бұл мүлдем тиімсіз қадам. Бастапқыда жақсы көрінуі мүмкін. Бірақ олардың тәкаппар бола бастауына алып келеді екен. Соңғы кезде кейбір журналист достарымыздың проблеманы ашық зерттеп бастауы көңілге сенім ұялатады. Біраз заттарды детально зерттеп бастады. Қазір зерттеуші достарымыз жаңадан сайланған депутаттарды, жаңадан тағайындалған министрлер бойынша фактілер жинап жатыр. Кейбіреуі әрине жарияланып та үлгерді.

Менің ойымша, министр мен әкімдер көбісі өздерінің нақты миссиясы мен стратегиясына сәйкес жұмыс істемейді. Тіпті олар өздерінің стратегиясын білмеуі де мүмкін. Сонымен қатар, Президент берген тапсырмаларды, жол картасына енуі қажет ұсыныстарды әртүрлі жолдармен енгізбеуге тырысады. Айтпақшы, жаңа заң бойынша Президенттің сенімінен айырылған шенеунік мемлекеттік қызметтен аластатылады.