Get Mystery Box with random crypto!

(Ерінбей, соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймын). Біраз уақыт | ERBOLAT MUHAMEDJAN

(Ерінбей, соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймын).
Біраз уақыт бұрын бір досым "түрлі салада “тұлғамын” деп жүрген адамдардан неге жекелей сұхбат алмайсың" деген еді.

Шынын айту керек, осы күнге дейін мен үшін ең қиын жанр - жеке сұхбат алу еді. Себебі, бір адамды толығымен ашып, оның деңгейінде сөйлесу үшін кәдімгідей ізденіс және шынайылық қажет. Кезінде отандық телеарнада 3-4 рет арнайы солай сұхбат алып көрдім, қателеспесем бағдарламаның атауы - Exclusive болды. Сол кезде байқағаным, біз көбінесе сұрақтарды дайындаумен және соның айналасында ғана шектеледі екенбіз. Сондықтан тек бір адамнан ғана сұхбат алуға жақындай бермейтінмін. Мен үшін, 3-4 адаммен дискуссия құру сұхбаттан қарағанда оңайырақ болды. Тіпті бір адамнан сұхбат алған жағдайда, оның өзін сол дискуссияға айналдырамын, соңғы сұхбаттарда байқаған боларсыздар.

Сонымен қатар, сұхбат берушіден ақша алмаймын. Мен үшін ол қатып қалған принцип. Себебі, абырой ақшадан да маңызды. Абыройыңды жоғалтсаң, қанша ақша болса да репутацияны қайтару өте қиын. Халық ақымақ емес, ақша алып сұхбат жасағаныңды бірден байқайды.

Америкалық зерттеушінің интервьюді қалай дұрыс жүргізуге қатысты жазған кітабын оқып шықтым. Кейбір, біз қарапайым деп қарайтын заттардың өзін жан-жақты талдап көрсеткен (америкалықтар сондай ғой өзі, барлық мәселе бойынша зерттеуді табуға болады). Тағы бір момент, сұхбат алуда келсін келмесін, барлығынан ала берудің қажеті шамалы. Біріншіден өзіңнің сол сұхбатты алуға ниетің болуы керек, екіншіден сол жеке сұхбаттан елге, қоғамға пайдасы тиюі маңызды.

P.S. Достарым, ютубтан менің каналыма өтіп, өзіңіз жазылып және басқаларды да жазылуға шақыруыңызды сұраймын. Маған қазіргі таңда басқа да сұхбаттарды жасауға сол мотивация береді. Сіздерден, донат жасаңыздар, ақша аударыңыздар деп сұрамаймын. Тек Ерболат Мұхамеджан каналының жазылушыларының көп болуына өз көмегіңізді тигізссеңіз болды. Сәттілік бізбен бірге!

https://youtube.com/@erbolatmuhamedjan