Get Mystery Box with random crypto!

Біздің партия немесе кандидаттар шынымен халықты ойлайтын болс | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Біздің партия немесе кандидаттар шынымен халықты ойлайтын болса, барлығы бірге бір әрекет жасауы тиісті. Егер тіпті жеңіліп қалса да сол әрекетті жасауы керек. Әртүрлі жерге жабыстырып тастаған А4 үлгідегі барлық қымбат қағаздарын қайтадан жинастырып, былғанған жерді қырып немесе жуып тазалау керек. Егер солай істемесе олардың сөздерінің бәрі жай сылдыр сөз). Немесе осыны заңмен бекітсе жақсырақ болар еді .

Сайлауда адал бәсеке әрқашан маңызды. Саяси реформаны әрқашан қолдаймын. Яғни барлығына тең мүмкіндік беру көп жағдайда жақсы нәтиже алып келетінін түсінуіміз керек.

Тағы бір мәселе, біздің саяси партиялар мен бір мандатты жүйеде сайланатын кандидаттар қалай да болсын барын салып үгіт-насихаттарын жүргізді. Біразында тәжірибе жоқ екені көрінді. Кейбір пиарщиктер өрескел қателіктерге жол бергенін байқадым(ол туралы кейін жеке жазармын, көңілдеріне алып қалмаса болды). Әйтеуір пиар деген осы екен деп, сұхбаттан сұхбат, тиктоктан тикток, блогерден блогер, тіпті наклейка жабыстырудан алдарына жан салмады. Соңында, байқағаным осындай бейәдеп пиардың нәтижесінде сайлаушылар жалпы сайлауға қатысушылардан шаршай бастады. Тіпті тым әсірелеу кейбір кезде дауыс беруге деген ниеттерін азайтады ма деген де күмән жоқ емес.

Ертең, Алла қаласа отбасымызбен әдеттегідей дауыс беруге барамыз. Себебі, сайлау ол демократиялық жүйенің негізгі көрінісі. Біз де қолымыздан келгенше үлес қосуымыз керек. Баршаңыз дауыс беруге барасыздар деген сенімдемін!