Get Mystery Box with random crypto!

Мен өзім шығыстанмын, Семейденмін. Біз үшін шығыстағы ауыр жағ | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Мен өзім шығыстанмын, Семейденмін. Біз үшін шығыстағы ауыр жағдай көңілімізді түсірді.

Шығыстағы коррупция мен шенеуніктердің әлсіздігіне қатысты жергілікті тұрғындардың арасында сұрақ көп. Жыл сайын туған жерге барғанда кәсіпкерлердің көбісінің айтатыны облыста жүйелі шешімдердің іске аспауы. Президент қанша мүмкіндіктер берсе де, жергілікті әкімдер сол мүмкіндікті толығымен пайдаланбайды.

Осы болып жатқан облыстағы жағдай жергілікті облыс әкімінің әлсіздігін көрсетеді.

Ашығын айту керек, Президенттің шешімдері халықтың көңілінен шығуда. Соңғы уақыттағы кадрлық өзгерістер. Төтенше жағдай министрі болған Ильинді алып тастағаны дұрыс шешім болды.

Вьетнамға жоспарлаған ресми сапарын кейінге шегергені де өте орынды. Қазір қайғы-қасірет шегіп отырған елдің ортасында болуды жөн санағаны құптарлық. Ел аман болсын! Қаза болған азаматтардың отбасылары көмексіз қалмасын!