Get Mystery Box with random crypto!

Mr. President, time for Hard Talk . Деп айтпадым. Бірақ, ол | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Mr. President, time for Hard Talk .

Деп айтпадым. Бірақ, ол кісі жазуды көріп жалпы “намекті” түсінді деп ойлаймын).

Қызық күн болды. Бүгін біздің Жібек Жолы телеарнамызға Президент келді. Телеарнамыздың жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап, ұжымның шығармашылық жұмысына сәттілік тіледі.

ҚР Президенті Телереадиокешенінің Бас директоры Раушан Қажыбаева Жібек Жолы телеарнасында қызмет етіп жатқан шығармашылық ұжымды таныстырып, сонымен қатар біздің соңғы үлгідегі жоғары сападағы технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген студиямызды көрсетті.

Ашығын айту керек, Қасым-Жомарт мырзаның қарапайым екенін байқадым. Алдағы уақытта сұхбатқа келіп жатса, қуанышты болар едім.