Get Mystery Box with random crypto!

Бізде Жастар ғылыми зерттеу орталығы деген мемлекеттік мекеме | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Бізде Жастар ғылыми зерттеу орталығы деген мемлекеттік мекеме бар. Жыл сайын жастар мәселесін зерттеу үшін арнайы мемлекеттік тапсырыс алады. Бұл 2013 жылы қабылданған Жастар саясаты туралы заңға сәйкес құрылған мекеме. Егер еске түсірсек, аталмыш заңда жастар мәселесін зерттеу мақсатында жыл сайын Ұлттық баяндама жасалу керек болды. Біздің мемлекеттік орган, бір ғана баяндаманы жасау үшін арнайы Жастар деген атаумен орталық құрды. Зерттеудің жасалуына қатысты күмәнді сұрақтар бұрыннан бар болатын. Біраз сарапшылар, сол зерттеулердің сапасына қатысты сыни пікірлерін де естідім.

Менің ойымша, бұндай орталықты жауып, керісінше нарықтағы зерттеу орталықтарына берген әлдеқайда тиімдірек болар еді. Жаңа Әділетті Қазақстанда осындай байқамай құрылып кеткен, керісінше шығынға әкелетін мемлекеттік мекемелерді жапқан дұрысырақ болады.

P.S. Айтпақшы, осы орталықтың сайтына кіріп қарасаңыздар, мүлдем жаңартылмайтын сияқты. Ескі ақпараттар көп. Сосын бұлар, тіпті өздерінің негізгі миссиясынан ауытқып видеоподкаст түсіріп кеткендерін байқадым. Жалпы бұл мекеменің ботоферма болып жұмыс істегеніне де қатысты қаңқу сөздер бар.

Осы орталықтың басшысынан бастап кез келген сарапшысымен Жастар бойынша тақырыпты талқыласақ мәселені детально білмейтініне сенімдімін. Себебі көбісі, әлсіз.