Get Mystery Box with random crypto!

Жастар ғылыми зерттеу орталығы. Пост 2. Мемлекеттік тапсырыс | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Жастар ғылыми зерттеу орталығы.
Пост 2.

Мемлекеттік тапсырысты нарыққа берудің артықшылығы.

Біріншіден, нарықта ойыншылар көп. Сәйкесінше мемлекеттік орган ең мықты деген зерттеу орталығын таңдап алады.

Екіншіден, зерттеудің сапалы болуына мемлекеттік орган мүдделі болғандықтан белгілі бір топ үшін ғана ыңғайлы жауаптарды алмайды.

Үшіншіден, тапсырыс беруші кім болса да, осы зерттеудің нәтижесіне қызығушылық танытатын жастар ұйымдары бақылауда ұстау керек, және әрқашан сыни көзқарастарын жеткізуі қажет.

Төртіншіден, нарықтағы қандай зерттеу орталығы жасаса да репутациясы үшін әділ жасайды. Мысалы біз білеміз, халықаралық аудиторлық компаниялары немесе халықаралық зерттеу ұйымдары қанша қымбат қаражат төлесе де әділ жасайды.

Бесіншіден, қазіргі Жастар ғылыми зерттеу орталығы сияқты қажеті жоқ ұйымдар жабылады немесе нарыққа кетеді. Себебі бұндай ұйымдар зерттеуге зиянын тигізіп отыр. Мемлекеттік саясаттың әділ жүруіне кедергі жасап отырған мемлекеттік мекеме болып қала береді.

Менің ойымша, орталықтың қазіргі басшылығында зерттеу туралы түсінік, ғылыми пайым да жоқ сияқты.