Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-25 19:35:52 Кейінгі кезде біртүрлі түстер көріп жүрмін. Бірнәрсеге жете алмай дал боламын. Оятқыштан бұрын оянып кетемін. Кәдімгідей басым ауырып тұрамын ұйқыдан.
1.2K views' dаmetken, 16:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 19:34:00 Кеше kazakbubble - дың кездесуіне бардым. «Қазақстандағы тілдер», қазақша контент туралы әңгіме өрбіді. Kahoot ойнадық. Кітап ұтып алдым. Жақсы көретін нәрсем. Жақында YouTube-та арналары ашылды. Бейнелердің барлығын қарап шығуға кеңес беремін. Бұл желіге өте сирек кіретіндердің бірімін. Жиірек кіріп тұруға бір себеп табылды. Әсіресе, мына бейне қатты ұнады. Өзге ұлт өкілдерінің қазақша сөйлегенін есту, өз ана тілі мен қазақ тіліндегі айырмашылықты жіліктеп тізіп шығуы қатты ұнады. Көкіректе бір жылы сезім туғызады. Бұл бейнені телеграмдағы қазақша контентті дамытып жүрген біраз арна бөлісті. Оны көріп одан сайын қуандым.
1.7K views' dаmetken, 16:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 19:26:53 Адамды ұмыту мүмкін емес шығар. Бірақ сезімді ұмыту – қолдан келетін нәрсе.
988 views' dаmetken, 16:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 22:16:40 Бір адамның өміріне, жеткен жетістігіне қызығасың. Кейін көре алмайсың. Өзіңді бір бақытсыз, тоқалдан туған, бал өмірден шеттеліп қалған бір бейбақ сезінесің. Өзіңді емес, анау өсіп-өніп жатқан адамды кінәлайсың. Бардың бәрін соған үйіп-төгіп бере салды деп ойлайсың. Сен – сормандайсың. Оның бұл жағдайға қалай жеткенінде шаруаң жоқ. Әрине, бәрі адал жолмен жетіп жатқан жоқ шығар. Аузында алтын қасықпен туғандарға тіптен қызығудың қажеті жоқ. Ненің қалай пайда болғанын, қай жолмен жүргенін, алғашқы қателерін, жалығу мен жабығу, шаршау мен шатасудың бәрін есінде ұстап, сүрінсе де, еңбегіне сүйене білген адамға қызық.
1.6K views' dаmetken, 19:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 22:05:11 Махаббат деген өте сирек кездеседі. Оны неге қорлайды? Өзінің сенімсіздігімен, өзімшілдігімен, тойымсыздығымен түкке алғысыз етіп тастайды. Тұрмысқа, адамның пендешілігіне жеңіліп, жұтылып жүрген махаббатты аяймын.
1.6K views' dаmetken, 19:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 19:51:09 Айтпақшы, қазір Астанадамын. Жел қаланың, желорданың ауа райы керемет боп тұр) Ағамның жаңа үйін бағалап жатқан жайым бар. «Кемел адам» кітабын сатып алған. Бірақ аяқтамапты. Соны оқуға кірістік.
1.4K views' dаmetken, 16:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 19:45:10 Негізі, әдебиеттің балаларға әсері зор. Орасан зор. Кішкентайында әңгіме мен ертегі оқуға үйір болған баланы түбінде кітаптың өзі іздеп табады.
1.4K views' dаmetken, 16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 19:41:20 Ойың санаңда жалғызсырамасын. Білгенің миыңда шаң басып жатпасын. Сезімің жүрегіңде қалмасын. Жауабы өзіңде ғой. Неге басқадан сұрайсың?
1.4K views' dаmetken, 16:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 19:36:19
1.3K views' dаmetken, 16:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 22:09:55 Жылай бер. Жылап ал. Жылай алмайтын халге жеткенше жыла. Оңашада ойларға оранып жыла. Сосын өзіңді жина. Сен жиналсаң, айналаң да жиналады.
225 views' dаmetken, 19:09
Ашу / Түсініктеме