Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 89

2021-05-08 21:29:23 Мендегі ыстық сезімнің сууына уақыттың да әлі жетпейтіндей.
342 views' dametken, 18:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 22:30:36 Сөзге, тілге құлаш сермеу тарихымнан бірер сөз.

Үй ішіміз боп теледидар қараймыз. Сериалдардағы сөздерді ауаға, қабырғаға жазып отыратынмын.

Сыныпта жазуы әдемі 3 оқушы болды. Ішінде мен бармын. Бірақ әлі есімде. Көркем жазу деген сабақта апайым дәптеріме «әлі де жаттығу керек» деп қызыл сиямен жазып беріп еді.

Бір жерде тамақтанайық деп отырмыз. Апам: «Құлпынайский сок беріңізші» деп қалды. Ал менің көзім жер байлығын зерттеп кетті.

10-сыныпта қайта-қайта марапат алып, өзгелерді мезі қылып алдым ба деп ойлаймын. Сол кезде жетекшім олимпиаданың түр-түріне қатыстырды. Қазақ тілі, әдебиеті бойынша. Пайдасы бар ма? Азда-а-п қана. Тым болмаса жаңа таныстыққа иек артуға болар еді. Ондайға ашық адам емеспін.

Қазір қазақ филологиясында оқимын ғой. Сөз. Тіл. Әдебиет. Сол тамақты асап жатырмын. Кейде тәтті-ақ. Жақсы қорытылады. Кейде майлы. Тіпті жегің келмейтіні болады. Көнесің. Кім болатыным белгісіз.

Білгенімнен айырмасын. Білерім азаймасын да.
485 views' dametken, edited  19:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 22:12:46 Көздің жасы кепсе де, көңілдің жыры кете қоймас.
420 views' dametken, 19:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 21:53:00 Іші мен ісі екі түрлілер жетеді. Көзілдірігің ондайларды тауып бере алмас. Ал санаң әп сәтте қағып түсіреді.
495 views' dametken, 18:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 21:24:22 «Тілім бай», «жерім байтақ», «тегіміз күшті» деп мақтанатын ел көп. Мақтанғымыз кеп бара жатса, басқа құндылық тауып алайықшы.
491 views' dametken, edited  18:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 21:18:40 Оқып отырса не басқа шаруаның басы-қасында жүрсе, айналасында не боп жатқанына мән бермей, ана бөлмедегі адамдардың шуына, қабырғадан тамған тамшының тарсылына қыңқ етпейтін адамдарға таңым бар.

Фокус деген «фокустарыңызды» маған да үйретіңіздерші.
532 views' dametken, 18:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 20:07:55 Телеграмда мен оқитын, маған ұнайтын топ 3 канал болса, бірі осы.

ЕСКЕРТУ:
жазбаларын оқыған соң, мені оқымай кетулеріңіз мүмкін.
320 views' dametken, 17:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 22:10:00 Перфекционизмім мен сауатым бір-біріне ғашық.
459 views' dametken, 19:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 22:00:00 Шетсіз әлемде неге өзіңді шектейсің?
460 views' dametken, 19:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 21:43:08 Дархан Әбдік: «Дін бар жерде ғылым жоқ секілді» деп қалды.

«Парасат майданы» бағдарламасы. Мен жаңа дәмін татып көріп жатырмын. Уақыты аз екен. Әңгімеге ілесе алмай әлекпін. Миымның қыртысы кем екеніне көзім жетіп шаршады.
442 views' dametken, edited  18:43
Ашу / Түсініктеме