Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-06-20 23:28:41 Біз өмірде сан рет жақсы көреміз. Көп рет жығыламыз. Мың рет жылаймыз. Жүз рет жаңылысамыз. Бір рет және ол мәңгілік деген бола бермейді. Өте сирек. Бастысы сол – олардың қалай басталып, қалай біткені емес. Олардан кейін сенде не қалғаны, ненің өзгергені, нені өзгерткенің.
365 views' dаmetken, 20:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 23:15:55 Менің кішкентай болса да, мен үшін аса маңызды бір тілегім бар. Ол – жеке кітапхана құру. Қазір «қорда» 10-15 кітап болуы керек. Маған аздық етеді. Бірақ кітап жинау процесі тым баяу жүріп жатыр. Кейінгі кездегі қуантып жүргені – үш группаласымның кітап сыйлауы. Өзің алған бір төбе, сыйлыққа алған бір төбе.

«Дәмелен»-нің оқырмандарынан да естелікке кітап алсам деймін. Егер бір пайдам тиіп, жазбам жанға жағып жатса, кітап сыйласаңдар дегем қолқам бар. Қалай? Әйтеуір «Дәмелен» деген кішігірім қазынамның бір белгісі болып қалса деймін.

Поштамен жіберуге болады (мекенжайды жекеме шығып біле аласыздар) немесе Kaspi Gold-қа аударуға болады (мейлі қандай сома болса да, есебі менен).

30-ына дейін Оралда боламын. Сәйкесінше 30-ына дейін бір кітаптың ақшасы жиналса, ауылға көңілім жайланып қайтамын ғой)

Алғым кеп жүрген кітаптар өте кө-ө-өп. Бизнес, психологиядан басқасын оқи беремін. Негізгі тілегім – көркем әдебиет. Діни кітаптарды да оқығым келеді. Оқырманнан алған/жиналған ақшаға алынған кітапты хабарлап, оқыған соң пікірімді жазатын боламын. Бұйырса.

Жекемнің есігі
Kaspi Gold мына номерде: 87058387729 (Дәметкен С.)

Мындағы донатпен көрейін дегем. Бірақ қиындатпай-ақ қояйын. Көптен ойда жүрген. Қысылып-қымтырылып жазған жайымыз. Қолдаудан дәметемін.
712 views' dаmetken, 20:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 22:45:42 Мен бірнәрсені білмесем, оған мән бермей өте беремін. Ал біліп алсам, сол елемей кеткен тұсыма қайта келіп, байқап, мәз болып қаламын. Сондықтан көп білуге тырысамын.

Бүгін диалектология бойынша емтихан тапсырдық. Диалект – тілдің төменгі сатысы. Дегенмен оны білмек лазым. Әсіресе, көркем әдебиет оқитындарға. Әсіресе, мына «Үркер»-ді оқығанда. Әр бетте 5-10 диалект. Танып, балаша мәз болып отырған жайымыз бар.
364 views' dаmetken, 19:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 22:42:01 «Қазақ қазақ болам деп іргесін бөлектегелі тыныш отырған күні бар ма, сірә! Шығыстан тықыр шықса – батысқа, батыстан тықыр шықса – шығысқа, күнгейден құқай көбейсе – теріскейге, теріскейден құқай көбейсе – күнгейге жөңкілген бұ қауым қашан бөтенге кіріптар болмай, біреуге қол жаймай өтіп еді? Ошақтағы асулы асының буы өзінікі де, қазаны біреудікі қазақ қасқаның өйтпеске амалы қайсы? Бағы найзасының ұшында, ырысы құрығының ұшында саяқ халық өрісі тарылып, тығырыққа тірелген қай тұсында жүйріктің аяғы мен ділмардың таңдайына жалынбап еді?!».

.: Әбіш Кекілбаев «Үркер».
377 views' dаmetken, 19:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 22:39:00 Адам бойындағы шарасыздықтың иісін сезгенде шытырман ойлар шым-шымдап шырмап алады.
362 views' dаmetken, edited  19:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 23:18:01 Бақыт – ессіз болсаң, есті ететін, есті болсаң, ессіз ететін күй. Жетпей тұрған бөлшекті тауып береді.
136 views' dаmetken, 20:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 23:11:58 Ойға алған нәрсең, мақсатың, жоспарлаған нәрсең орындалсын десең, әрине, әуелі ниетті тазартып, жинақтап, жолға саласың. Содан кейін сол нәрсенің орындалуы үшін жағдай жасауың қажет. Мен ҰБТ-да жақсы балл жинай алмадым. Себебі мектептің шаралары, олимпиада деп ҰБТ-ға аса ден қоймадым. Жұрт маған сенген соң мен де жүре беріппін. Ал сіңлім жарады. Өзіне жағдай жасап алды. Бір бөлмеден шықпай дайындалатын. Стресс деген болды. Оның бір ұшы үйдегілерге де тиетін. Бірақ жақсы балл жинауы үшін бәрін қарастырды. Курстың небірін оқыды, орталықтарға да барды, сыныптастарымен жарысты, бәсекелесті. Алдындағы ноуты сөнбейтін.

Балаң, інің, қарындасың жақсы білім алсын десең, көмектес. Нұсқама. Көмектес. Кітабын әпер, курсына апар, жиналысына қатыс, бірге есеп шеш. Күшті орындық пен үстел әпер. Жақсы көретін адамың саған сенсін, ішіндегі сыр сандықты ашсын десең, оған да жағдай жаса. Қиындық пен қараңғыда жанынан табыл. Жетістігін бірге атап өт, ескер.

Бірнәрсені тілеу – жолдың басы ғана. Алдыңда әлі талай соқтықпалы, соқпақты жол жатыр. Соған қамданудың жайын жаса.
136 views' dаmetken, 20:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 22:58:13 Бәріміз түбінде уақытпен өлшенбейтін ұйқыға кетеміз. Бірақ ол ұйқыға кетпес бұрын уақыттың құлымыз.
158 views' dаmetken, 19:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 22:51:27 Дүкендегі қантқа талас. Күйеуі әйеліне: «Аузыңды ашып тұрсың. Біреуін ғана алғаның не? Өмірде әділдік, шындық деген жоқ. Тарс-тарс етіп тұруың керек» дейді.

Мәссаған. Сөйтіп өмір дүниеге деген жанталаспен, күреспен, жыртыс-тартыспен өте ме?
234 views' dаmetken, 19:51
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 23:01:28 Ал Ахмет атамызды әлі күнге дейін «өз аулының иттері қауып жүр».
172 views' dаmetken, edited  20:01
Ашу / Түсініктеме