Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-18 22:51:16 Махаббатты біз таппаймыз. Ол бізді табады. Себебі махаббат – кеудедегі бос орынды толтырушы, жүрегі қаңырап жатқандарды іздеуші.
97 views' dаmetken, 19:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:49:56 Біреуге ақша, біреуге отбасы, біреуге білім, біреуге өзі маңызды. Бәрін біріктіріп бірдей алып жүру мүмкін емес пе?

Мүмкін еместей көрінеді. Ойланып көрдім. Білім қуып жүріп, кәсіби жетілесің. Кәсіпте өрлеу ақша әкеледі. Ол ақшаны өз қажетіңе жаратасың. Бірақ бірдеңе жетіспейді. Кеуде бос. Сөйтіп сезім мен сезу керек екенін отбасыңнан аласың.
95 views' dаmetken, 19:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:30:57 Бір оқырманым кітап сыйлаймын деп жүр еді. Қандай кітаптар екенін де көрсетті. Күтіп жүрдім. Шығып кетіпті. Ауч. Ең жаман жомарттық)
133 views' dаmetken, 19:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:21:41 Жалғыз шоппинг жасап, жалғыз кофе іше алмайтындар да болады екен. Мүлде жалғыз жүре алмайды.
148 views' dаmetken, 19:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:20:55 Кейде ойлаймын: неге жалғыздықта өзімді жақсы сезінемін? Жалғыздық – комфорт. Бұл адамдардан қорқамын, оларды жек көремін деген сөз емес. Қайта менің жүрегім шыдамайды. Біреудің қиналғанын көру, біреудің адасқанын көру, біреудің шаршағанын көру, біреудің жеңілгенін көру, біреудің сүрінгенін көру, біреудің алданғанын көру...

Мен өзім туралы емес, айналадағы адамдар туралы көп ойлаймын. Сондықтан сол жүгімді жеңілдетейін деп өзімді адамнан жырақтатамын. Мен жалғыз емес шығармын?
157 views' dаmetken, 19:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:15:33 Балаларға деген махаббатым ерекше. Олардың қылықтарына қарап, өскенде қандай адам боларын ойлаған ұнайды. Жыласа, шыдай алмаймын. Оқушы кезімде бір туысым баласын қасыма қарарсың деп тастап кетіп, бала анасын іздегенде бірге қосылып жылағаным бар. Ағамның балаларынан бөлек, көше жақтағы балаларды баққаным бар. Оқушы кезім ғой. Телефон жоқ. Анаммен жарысып тұрып алып, қаймақ пен нанды жеп, атаммен бірге сиыр айдап, кейін көрші үйлердегі балаларды ойнататынмын. Өткенде сол балалардың біреуін көрдім. Бойы менімен бірдей. Сызылып, қызарып тұр. Қызық.

Біреудің кекетіп-мұқатқаны естеріңде бар ма? Менің есімде. Әсіресе, туыстардың. Сол кейбірін көргенде түптегі естеліктерге жан бітеді. Соны басынан кешірмесін деп кішкентайларға келгенде сөзіме абаймын.
157 views' dаmetken, 19:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:10:52 Жазым негізінен бала қараумен, үйде пысынаумен зырғып өтіп жатыр. Кітапты да оқып жүрмін. «Знания»-дағы жұмысым да жүріп жатыр. Ойда негізі көп нәрсе бар. Бірақ күнделікті тіршілік ұмыттырып жібере береді. Кірпіктерің бір-біріңмен айқасып, алысып жатқанда барып есіңе түседі. Бір бұйырғаны болар деп жүрмін. Алайда көкейдегі көксегендерім маза бермей, бар энергиямды жұтып жатқанын сеземін.
168 views' dаmetken, 19:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 21:03:48 Кейде өмірді құшағыма қысып, сүйіп алғым келеді. Үйіп-төгіп мүмкіндік беретін жомарттығы үшін.
267 views' dаmetken, 18:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 14:47:38 «Невозможно помочь человеку, который не хочет себе помочь».

Фредерик Бакман «Бабушка велела кланяться и передать, что просит прощения».
293 views' dаmetken, 11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 22:09:25 Бар қатынасқа керегі – сыйластық. Онсыз махаббат та, достық та, туысқандық та тұл жетім.
136 views' dаmetken, 19:09
Ашу / Түсініктеме