Get Mystery Box with random crypto!

Бір адамның өміріне, жеткен жетістігіне қызығасың. Кейін көре | ↝ dámelen

Бір адамның өміріне, жеткен жетістігіне қызығасың. Кейін көре алмайсың. Өзіңді бір бақытсыз, тоқалдан туған, бал өмірден шеттеліп қалған бір бейбақ сезінесің. Өзіңді емес, анау өсіп-өніп жатқан адамды кінәлайсың. Бардың бәрін соған үйіп-төгіп бере салды деп ойлайсың. Сен – сормандайсың. Оның бұл жағдайға қалай жеткенінде шаруаң жоқ. Әрине, бәрі адал жолмен жетіп жатқан жоқ шығар. Аузында алтын қасықпен туғандарға тіптен қызығудың қажеті жоқ. Ненің қалай пайда болғанын, қай жолмен жүргенін, алғашқы қателерін, жалығу мен жабығу, шаршау мен шатасудың бәрін есінде ұстап, сүрінсе де, еңбегіне сүйене білген адамға қызық.