Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-01 21:59:40 Мен кір жайып жүргенде анам әрдайым: – Дұрыстап қақ. Қақшиш!
218 views' dаmetken, 18:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 21:58:49 Жасым жиырмада. Әкем мен анамның қасында ұйықтап жүрмін. Оларға төсек салып мәзбін.
221 views' dаmetken, 18:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 21:58:07 Неге ауылдағы «шайға», «тамаққа» деген шақыртулар әлдеқайда күшті сезіледі?
347 views' dаmetken, 18:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 21:55:25 Сенде оларда жоқ нәрсе бар.
342 views' dаmetken, 18:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 23:26:26 Жақын адамды жаныңды жараламас үшін жауапкершілігінен сына.
157 views' dаmetken, 20:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 23:22:58 Бұдан 3-4 ай бұрын болған. Тумамның үйіне қонаққа барғанмын. Жердегі қайнап тұрған шәйнекке бір кішкентай қолын күйдіріп алды. Айқай-шу басылған соң, бір бөлмеге кіріп қалсам, жаңағы кішкентайдың тағы бір кішкентай «әпкесі» бұрышта жылап отыр. «Дұрыс қарамадым» деп өзін жазалап тұр екен. Бала санасыз болса, бұлай өзіне кінә тақпас еді. Бала мисыз болса, бұлай өзін жазғырмас еді. Бала дым білмейтін болса, бұлай бауыр еті бауыры үшін жыламас еді. Ол жай ғана түйсіктің салдары емес.

Балаға тұлға ретінде қарау керек. Құндақтағы балаға да мінез жұғады. Бала – екеуара махаббаттан туа салған жай нәрсе емес. Ол – жауапкершілік. Атырауда 4 баласы бар отбасының берекесі жығылыпты. 4 болашақ тұлға тіректерінен айрылды. Бір-бірін ұнатпаса, бір-біріне шыдамаса, бір-бірін әлі танып үлгермесе неге баланы дүниеге әкеле берген? Неге әкесі әйелін, кейін өзін өлтірмес бұрын артындағы 4 ғұмырға зер салмаған? Анау мірдің оғындай соққы ғой. Ол жара боп 4 балаға да жабысып, өмірінің соңына дейін бір елі қалмай кете барады.

Махаббаттың басы жауапкершіліктен басталуы керек, сірә. Біреудің сезіміне деген жауапкершілік. Сонда ешкімге залал тимейді.
177 views' dаmetken, edited  20:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 23:13:32 Сабыр ақылмен қосақталып жүруі керек. Ақылың қалың болып, сабырдан жұрдай болсаң, оны жүк қылып босқа көтеріп жүргенің.
177 views' dаmetken, 20:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 17:37:34 Өзімді интровертпін деп жүрсем.
174 views' dаmetken, 14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 17:37:19 «Кітап оқу арқылы ғана біз марқұм болған ақылды адамның рухымен тілдесеміз. Олардың кітабын оқып, қуатты ойын қосып аламыз. Сол арқылы олардың көркем мінезі де жұға бастайды».

Санжар Керімбай «Өркениетті адам».
176 views' dаmetken, 14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 21:56:11 Мен осыған кәдімгідей сенемін. Ондай жұптар көп емес. Сондықтан көңіл көзі көптің ішінен бірден тауып, сүйсінеді. Сүйдім-күйдім дегендер далада қалады.
369 views' dаmetken, 18:56
Ашу / Түсініктеме