Get Mystery Box with random crypto!

Кеше kazakbubble - дың кездесуіне бардым. «Қазақстандағы тілде | ↝ dámelen

Кеше kazakbubble - дың кездесуіне бардым. «Қазақстандағы тілдер», қазақша контент туралы әңгіме өрбіді. Kahoot ойнадық. Кітап ұтып алдым. Жақсы көретін нәрсем. Жақында YouTube-та арналары ашылды. Бейнелердің барлығын қарап шығуға кеңес беремін. Бұл желіге өте сирек кіретіндердің бірімін. Жиірек кіріп тұруға бір себеп табылды. Әсіресе, мына бейне қатты ұнады. Өзге ұлт өкілдерінің қазақша сөйлегенін есту, өз ана тілі мен қазақ тіліндегі айырмашылықты жіліктеп тізіп шығуы қатты ұнады. Көкіректе бір жылы сезім туғызады. Бұл бейнені телеграмдағы қазақша контентті дамытып жүрген біраз арна бөлісті. Оны көріп одан сайын қуандым.