Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-12 22:05:57 Фредерик Бакманның кейіпкерлерінен өзімді танимын. Қазір «Бабушка велела кланяться и передать, что просит прощения» деген кітабын оқып жатырмын. Шындықты жеңіл жеткізеді. Әжем мен тумай тұрып қайтыс болып кеткен. Маған «әжең түйе бағуға кетті» деп айтушы еді. Соған сенген бала көңіл әжесіне хат жазатын. Күлкім келеді. Жаңа «Вторая жизнь Уве» фильмін қайта қарап шықтым. Басталмай жатып жыладым ғой. Мен үшін №1 кинотуынды болып қала бермек. Бакманның барлық кітабын оқып шыққым келеді. Жаныма майдай жағады. Неге екенін түсіндіре алмаймын.
139 views' dаmetken, 19:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 22:01:14 Есігіңді аш. Қуаныш келсе де, қайғы келсе де барыңмен қарсы ал. Бар болғаны қонақтар. Келіп-кетіп жатады. Оларды жақсылап күтсең, сабағын беріп кетеді. Адам – ең қонақжай халық.
170 views' dаmetken, 19:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 21:41:51 Ұғысуға асықпаған жүректер, ұрысуға дайын тұрады екен.
361 views' dаmetken, 18:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 21:41:22 Ұзақ жазуды ұмытпаппын. 20 минут ішінде жазып шықтым. Инстаграмға жазуға энергиямды қызғанып жүр едім.
408 views' dаmetken, 18:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 21:39:32 «Келіп қайдан, барам қайда?»

Шәкәрім – тек әдебиет төрінен орын алып, өмірін өлеңмен өрген ақын ғана емес. Тіл мен қалам арқылы жанға да бойлаған, санасың пәрмені пәлсапаға да қол жеткізген даналығы тағы бар. Заманының сұрықсыз жұталығы, замандастарының қараңғылыққа жұтқанына қарамастан, әлемге құлаш сермеп, ақиқатқа сапар шекті.

Шәкәрім – діннің де, өлеңнің де, пәлсапаның да фанаты емес. Ол – өз ақылының фанаты. «Ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау» деп дөп айтқан. Бұл сөзі қашан да өзекті болмақ. Ақпарат ағыны алқымнан алған мына заманда тіптен керек сөз.

«Адалға орын емес қазақ іші, тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі» деп тағы ақиқат сөздің басын шалады. Құс жастықта көсіле жата алмай талай зиялы қауым зиянды қауыммен күресеміз деп өтті ғой. Шәкәрім де солардың бірегейі. Жан-жақтан қаумалаған қауымның қапасынан әрі аттап, оңашада отау құрып, ой тұсауын кеспегенде мүмкін мұнша терең пайымды өлеңдер шықпас па еді...

Ақын ақылды араққа, мастықты ойға, жарды ақиқатқа теңейді. Шарап пен шаттық, сұлу жар мен сансыз байлықты жырлаған кей ақын өлеңдеріне деген ирония деп алсақ та болады. Шәкәрімде метафора көп. «Бас көзі» соқыр адам оның байыбына бара бермейді.

@otbasyhrestomatiasy - ның жетегімен жарыққа қадам басқан, Шәкәрімнің экзистенция бағытындағы өлеңдері іріктеліп көпшілікке ұсынылған «Сыр сөз» кітабы жайында түйгенім – осы. Ой көп, бірақ жеткізер сөз жоқ. Әркім өзі оқып, өзінше түсінгені жөн. Жазбамды ақынның мына өлең жолдарымен аяқтайын. Барлығымызға өмірлік өсиет болсын:

«Айнымайтын ақ жүрек пен таза ақылды адамның,
Таппасы жоқ бұл өмірде, осынымды ұқ, балам!».
436 views' dаmetken, 18:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 23:45:51 Отбасы хрестоматиясының жетегімен шыққан «Сыр сөз» кітабын оқуға кәдімгідей асықтым. Бекер емес екен. Кіріспеде психология мен философия тоғысқан. Шәкәрім жырларының жөні бөлек. Оның ішінде теріп алынған экзистенциалдық өлеңдері – жанға азық. Кеңес беремін.
281 views' dаmetken, 20:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 23:43:52 «Өткен заманда нан жоқ, Мән бар еді. Қазір нан бар, Мән жоқ».

Виктор Франкл.
289 views' dаmetken, 20:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 23:43:19 «Ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау».

Шәкәрім.
267 views' dаmetken, 20:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 23:42:54 Жалғаннан өзіңнің ғана жалғызыңды тауып алу – қиын. Бірді таңдап, бірге кетесің. Бір соқпаққа мың рет соғыласың. Бірақ соған лайық жол.
313 views' dаmetken, 20:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 23:41:19 «Бұның инстаграмынан гөрі, телеграмы қызық».
267 views' dаmetken, 20:41
Ашу / Түсініктеме