Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-07-08 10:58:37 Көңіл қойсаң, біліп алуға болмайтын нәрсе жоқ.

.: Габриэль Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».
155 views' dаmetken, 07:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 21:46:40 «Bana sen lazımsın
Sen lazımsın
Sen lazımsın
Sen...».

Ән тыңдай бермеймін. Іш пыстырарлық жұмыс жасап жатқанда ғана құлаққапқа жүгіреді екенмін. Кей әндерді сағынып, іздеп тыңдаймын. Көбіне Қазыбек Құрайыштың әндері құлақта ғана емес, жүректе. Сосын осы «İyi değilim ben» санамнан кетпей жүр.
396 views' dаmetken, edited  18:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 21:31:57 «Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспе. Біріншісі – жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдауда». Не деген жауыр болған сөз. Жазбаларда қолданбақ түгілі, өмірлік ұстаным етіп те алмаған жөн. Адам өмірін тек осы екі таңдауға қабаттап тыға салуға болмайды.
444 views' dаmetken, 18:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 21:25:26 Бәрі ақылды. Бәрі дұрыс-бұрысты айтып, кеңес бере алады. Тіпті, шебер дерсің. Мәселе онда емес. Өз ақылыңды олай оңды-солды шашпай, өзіңе сарқа пайдалана алуың қажет. Керегі сол.
423 views' dаmetken, 18:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 20:22:10 Жақсылық жасау үйреншікті нәрсе боп кетсе жақсы ғой. Ойланып-толғанып жатпайсың, мезгіл мен мекенді талғамайсың. Себебі тәнің мен жаның бейімделіп алған.
658 views' dаmetken, 17:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 20:20:07 Қазір біртүрлі кітап оқып жатырмын. Атына алданып қалдым-ау. Дегенмен қызық та. Мүлде басқа мәдениет болған соң оғаш көрініп жатқаны шығар.
635 views' dаmetken, 17:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 20:19:14 Мен жазғанда біреу бөліссін, біреу мақтасын, біреу түсінсін деп жазбайды екем. Жазғаным – ойланғаным. «Бүгін кешкі асқа не жеймін? Үйді жинап алу керек еді. Бетім тазарыпты» деген ойлар емес. Оларды ысырып қойып, басқа бір тереңді ойлау, тереңге бойлау. Жалпы, кітап оқысам, арнаға мардымды бірдеңе жазсам – бір күнімнің босқа өтпегені деген сөз.
640 views' dаmetken, 17:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 14:01:00 Ең жаман жомарттық – уәдеге жомарттық.

Әйтеке би.
691 views' dаmetken, 11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 20:14:04 Ауылыма қайтып барамын. Сабағымның бәрі бес. Шүкір. Бірақ бірінші курстағыдай сезім жоқ. Ауылға барып жақсылап тұрып кітап оқымасам. Айызым қанбай жүр.
1.1K views' dаmetken, 17:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 18:33:40
Бала мәз. Қатты қуанып тұрмын. Игі тілек пен демеулеріңізге көп рақмет!

Шәкәрім философиясы – маған ең жақыны. Қатты ойландырады. Парасаты әлемдік деңгейде. Жанымды азықтандырайын деп оны алдым. Санжар Керімбайдың жазған кіріспесі өте мықты жазылған. Бакманның стилі «Увенің екінші өмірі»-нен кейін ұнап қалды. Тағы бір кітабын оқып көрейін деп алдым. Ерекше автор.

Ремаркты алғаш рет оқиын деп тұрмын. Шығармалары туралы оң пікірлер көп екен. Тәуекел деп оны алдым. Қысқасы, көңілім бір көтеріліп қалды.
1.3K views' dаmetken, 15:33
Ашу / Түсініктеме