Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 90

2021-05-04 21:39:07 Негізі махаббат туралы айту оңай, шын сезіне білу қиын.

Көбіңіз осы сезім жайлы жазғанымды ұнатып келдіңіздер-ау. Ол туралы жазып жатқанымда ешкім де, ешнәрсе де көз алдыма келіп, бойымды билемейді екен. Сөздер ұйқасын тәуір көретін секілдімін.

Сіздерге қалай әсер ететінін білмеймін. Бірақ Әдемімнің «махаббатымды ашып біттің сен қыз» дегеніне қарағанда сөзімнің сәл де болса күші бар деп білемін.
422 views' dametken, edited  18:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 02:13:43 Сені есіме ала беретінім соншалық – есім кетіп, тек сен қалдың.
480 views' dametken, 23:13
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 20:55:40 «Дәмеленбе» деген арна ашып алсаңыздар болады. Ойларыңызда жүрсе деймін де. Менен идея болсын)

Өзім-ақ аша берер ем. Жазудан басқа өнерім жоқ. Ол өнерді де қатыра алмай қаламын.

Бұл арнаның ертеңі не болады? Білмеймін. Айттым ғой. Өзіме міндет жүгін арқаламаймын, шектемеймін. Әзірге ұнайды.
537 views' dametken, edited  17:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 20:46:16 Данияр мырзаның жазбасына тұздық болсын дейін бе, қалай?

Кей қазақ блогерлерінің я кез келген аудиториясы үлкен парақша посттарының пікірлер бөліміне сүңгісем, былай шығамын. Иә, хейт деген болады. Бірақ мені қынжылтатыны басқа нәрсе. «Не киіп алған?», «Маникюрің кетейін депті», «3 балаң бар емес пе? Мынау не жүріс?», «жастар анау, жастар мынау», «ата-бабамыз осылар үшін соғысты ма?» деген аузына келгенін құсқан пікірлерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Қызығы – сондай пікір қалдырушылардың көбі отбасылы, үлкен адамдар (парақшаларын қарасам). Қайдан келген ашу? Не деген тегін уақыт?

Сосын өткенде «таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыс істеп, қағаз құшақтаған сілімтік болудың қажеті жоқ» дегенді айтқан бір блогердің видеосын көзім шалып қалды. Танымаймын. Аудиториясының көлемін де білмеймін. Есі барлар ондай блогерлерге жазылмаса керек.

Өз өнімін, өзін мақтайтындар бар. Өз жеңіс жолын әр сторисінде жалықпай жырлайтындар бар. Одан бөлек, шешімін айтатындар бар. Оқырманына, клиентіне шын жанашыр болатындар бар. Саусақпен санарлықтай-ақ болсын. 1045 аккаунтқа жазылмаңыз. Блогерлердің ең-ең жақсысын таңдап, беретін құндылығына қарап сұрыптаңыз.

Жеген тамағын, киген киімін, жүрген жерінің жылтырын көріп өз өміріңізден түңіле бастайсыз. Өмірінің көлеңке тұсын көрсете бермейді. «Ажырасып кетті», «қырылып қалды» дегеннен басқа. Оқырманға беретін мораль жайында көбі бас қатырмайды. Ал оларға ақшаның негізгі көзі – оқырман ғой.

Өзім бір орыс сторизологтің парақшасына тіркелгенмін (@vera_churina). Сторителлингі мықты. Өз өмірінен алады. Соңында шешімін, мәнін көрсетіп, бағыт сілтейді. Психолог емес. Шашылып жатқан үйін, балаға дұрыс қарай алмайтын ана санайтынын жасырмай айтады. Аудиториядан көмек сұрайды. «Давайте 1000 комментарий, 5000 лайк жинап тастайық» емес.

Копирайтер @aqmaral.kanal: «...өсек пен төсек арасында жүргеніміз жәннаттықтардың өмірі ме екен?» дегендей-ақ. Блогерлерді, қылықтарын бренд, тренд қылып отқан қарапайым біз секілді адамдар. Өзіміз. Аңдасам, көбінің талғамы ақсап тұр.
520 views' dametken, edited  17:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 08:16:56 Қарапайым адам не үшін халыққа ұнайды, білесіз бе? Себебін іздеп көрдім. Меніңше, қарапайым адам – өзгенің қызғанышын қоздырмайтын адам.

Ал жұрт әдетте нені қызғанады. Өзгенің қолындағы материалдық игіліктерді қызғанады. Мысалы, көлік, үй, ақша, т.б.

"Адамдар сені жақсы көрсін десең, олардың қолындағы нәрсеге қызықпа, тәрк ет". Бұл – бір хадистің мағынасы. Дін мамандарынан толық түсіндірмесін сұрау керек.

"Адамдардың қолындағы нәрсе" дегенді материалдық игіліктер деп түсінемін. Олармен жарысып, "міне, қараңдар" дегендей барыңды көрсетуге тырыссаң, олардың қызғанышын қоздырасың.

Бұл "материалдық игіліктер жаман, оған ие болуға тырысу дұрыс емес" дегенді білдірмейді.

Дүниеңді көрсете берсең, өзгені қызғандырасың. Артық қызғаныш тудырмау үшін барыңды барынша жасыруың керек. Қарапайым адам – "жасыру өнерін" меңгерген адам.

Адал термен материалдық игіліктерге қол жеткізген сенде проблема жоқ. Проблема соны қызғанатын адамдарда.

Сол үшін олардың қызғанышын қоздырмауға тырысу керек. Рухани интеллект тұрғысынан қарасақ, қызғаныш араласқан тамсану – көз тиюдің бір себебі.

Дүниеңді көрсету бір басқа. Дүниең өзі көрінсе, бір басқа. Айырмасын байқап тұрсыз ба? Екі түрлі көрініс.

Мысалы, Инстаграмда дүниесін көрсететіндер көбірек. Бұл жұрт арасындағы қызғаныш концентрациясын арттырады.

Сөз соңы. Мен қарапайым болуды таңдадым. Қолымдағы материалдық игіліктерді барынша көрсетпеуге тырысам. Бұл өзімнің де, өзгенің де жүрегіне тыныштық сыйлайды.

https://t.me/dzhigitbek
397 views' dametken, 05:16
Ашу / Түсініктеме