Get Mystery Box with random crypto!

↝ dámelen

Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Telegram арнасының логотипі dametkenn — ↝ dámelen
Арна мекенжайы: @dametkenn
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.02K
Арнадан сипаттама

Мән іздейміз.✨
Өзім: @jazarymbar
Инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-06-17 23:01:07 «Қарқаралыда жүріп, әрине, алпыс баланы оқытқан жақсы. Бірақ алты миллион халыққа арнап газет шығарып отырған бүгінгі ісіміз артығырақ болар».

.: «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясы.
173 views' dаmetken, 20:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 17:01:30 – Бәріміздің ата-анамыз бір емес пе осы?
267 views' dаmetken, 14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 14:43:54 Жаныңды жырақтағы жаттардан гөрі, жақындарың жараламасын.
406 views' dаmetken, 11:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 14:27:42 Мінез бен міндеттен күшті дуэт шығады.
400 views' dаmetken, 11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 12:25:50 Beeline: Түн – интернеттің досы :)

Түн интернеттің ғана емес, менің қиялымның да досы.
245 views' dаmetken, 09:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 22:07:10 Кей жазбаларымды оқырмандарым жекелеріне алып кетеді. Алып кетеді дағыны әдемі суретінің астына жазып қояды екен. Бірақ авторын, сол туралы ойланып-толғанып, сөзді сөзге тіркеген адамды белгілемей кетеді екен. Ол әдемі емес.
482 views' dаmetken, 19:07
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 22:03:19 Қазір осы кітапты оқып жүрмін. Бітіріп қалдым. Қатты ұнап жатыр. Жеңіл кітап шығар деп аса мән бермеп едім. Керсінше боп шықты. Автордың оқиғаны жеткізуі ұнады. Ирония, сарказм дегендерді шемішкедей шаққан.
469 views' dаmetken, 19:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 22:01:11 «Человеческое дитя иногда гораздо проницательнее до одури занудных взрослых».

.: Маркус Зусак «Книжный вор».
473 views' dаmetken, 19:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 21:56:51 Бұйырса 20 шақты күннен соң 3-курсты тәмамдаймын. Біраз алға қарай адымдадық. Кері тартқан жағдайлар да болды. Әлбетте, университет тарапынан. Дегенмен оқып жатырмыз, оқимыз.

Ойлап қарасам, басымнан сипайтындай біраз шаруа тындырыппын. Оқу ақысының жартысынан астамын өз еңбегімнен тапқан ақшамен төледім. Түркиядан ат терлетіп келген Ялчын бейден түрік тілін тегін үйрендім. А2 деңгейін еншілеген жайымыз бар. Көп мақала, эссе жаздым. Ізденімпаздығым менімен бірге толысты. Ашылдым. Кәдімгідей. Жатақханадағы бөлмелес қыздарым ашық-жарқын болды. Қызықтының бәрін бірге өткердік, дәмін таттық. Жаныма жақын істер тауып, талғамымды оятып, маңыма парасаты мол, қамқор, мейірбан адамдарды жидым.

Тек алдағы екі айлық жаздық демалысымда не істейтінімді білмеймін. Жұмыс істегім келеді. Бірақ өз мамандығыма жақын болса деймін. Одан бұрын алдағы сарамандық жұмысымды қорытындылау мен сессиям уайымдатып тұр.
485 views' dаmetken, edited  18:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 21:44:54 Бәрінен де ауыры – белгісіздік. Не істейтініңді, нені таңдайтыныңды, не айтатыныңды білмеу. Біреудің саған деген қарым-қатынасының қай бағытта екенін білмеу, оның саған сеніп я сенбейтінін білмеу, сен сезгенді оның сезіп-сезбейтінін білмеу. Осындайда көзді жұмып, дір-дір еткен жүректі тізгіндеп, тәуекелге тура тартып кету керек.
513 views' dаmetken, 18:44
Ашу / Түсініктеме