Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-02 07:29:17 Түркияда DW және «Голос Америки» сайты бұғатталды

Deutsche Welle медиа компаниясының сайты 30 маусымда кешке Түркияда бұғатталды. Түркия Жоғарғы кеңесі радио және телеарна басқармасы (RTÜK) өкілінің айтуынша, мұндай шешімді Анкарадағы сот шығарды.

Медиа-компания сот шешімімен келіспейтінін және шағымданатынын хабарлады. Сонымен қатар, DW-ден бөлек «Голос Америки» медиасы да бұғатталды.

Бірнеше ай бұрын RTÜK шетелдік медиаларды лицензия алуға өтініш беруді талап етті. DW хабарлауынша, мұндай лицензия Түркия үкіметіне цензура жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тәуелсіз медианың жұмысына кедергі келтіреді. DW бас директоры Петер Лимбург (Peter Limbourg) сөзінше, компанияның негізгі ұстанымы RTÜK өкілімен кездесіп, сөйлесу.

Ақпан айында Deutsche Welle және «Голос Америки» редакциясы Түркияда лицензия алуға өтініш бермейтінін хабарлаған. Түркия билігінің талабы 2019 жылы күшіне енген құқықтық нормаға негізделген. Сол жылы Түркияның заңнамасына сәйкес DW елде өз өкілдігін ашты.
321 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 14:25:01 Қарапайым мектептерге Назарбаев мектептеріне қарағанда неге аз ақша бөлінеді?



82 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 08:53:45 Шекарасыз тілшілер: журналист Макс Левинді Ресей әскери күштері өлтірді

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/shekarasyz-tilshiler-zhurnalist-maks-levindi-resej-askeri-kushteri-oltirdi/
103 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 16:15:42 CIVICUS: Қазақстанда сөз бостандығы қатаң шектелген

Халықаралық «Civicus Monitor» азаматтық қоғамды қолдау альянсы Қазақстандағы негізгі азаматтық құқық, соның ішінде сөз бостандығының қатаң шектелетінін хабарлады. Бұл туралы 21 маусымда жарияланған «Civicus Monitor Watchlist» баяндамасында жазылған.

«Civicus» рейтиңінде Қазақстан «кедергі келтіруші елден» «қудалаушы ел» деңгейіне түсті. Баяндамаға сай, бұл санат «негізгі азаматтық бостандықтардың, соның ішінде сөз бостандығының қатаң шектелгенін» көрсетеді.

Есепке сәйкес, Қазақстанда сөз бостандығы, бейбіт митиңге шығу құқығының шектелуі  —  кемі 238 адам қаза болған «Қаңтар қырғынында» қатты байқалды. Баяндама авторлары Қазақстан билігі «Қаңтар оқиғасы» кезінде елде интернетті бұғаттап, азаматтардың тәуелсіз ақпарат алу құқығын шектегенін сынады.

Авторлар Қаңтар оқиғасынан хабар таратқан журналистердің қуғындалғанын, ұсталғанын және күштік құрылымдар тарапынан шабуылға ұшырағанын жазды.

Бұдан бөлек, «Civicus» альянсы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қаңтар оқиғасында» «ескертусіз оқ ату» бұйрығын халықаралық стандарттарға қайшы екенін мәлімдеді. Ұйымның хабарынша, «халықаралық стандарттарға сәйкес, мұндай бұйрықтар басқа амал қалмағанда беріледі».

«Civicus» есебінде Қаңтар оқиғасынан кейін «жалған ақпарат таратты», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деп айыпталып, қамауда отырған оппозициялық белсенді Жанболат Мамай ісі туралы да жазылған.
77 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 15:09:22 Фактчек | Е. Жамаубаев: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8%-ке өсті

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-e-zhamaubaev-onerkasip-ondirisinin-kolemi-38-ke-osti/
81 viewsedited  12:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 13:00:48 Қытайда интернеттегі пікірді тексеруді талап ететін заң қабылданды

Қытай сайттары пікірлерді жарияламас бұрын олардың әрқайсысын тексеріп, мақұлдауға тиіс. Бұл туралы ҚХР үкіметі өткен аптада қабылдаған «Интернеттегі пікірлерді реттеу туралы ережелер» құжатында хабарланды.

Заңға сәйкес, Қытай сайттарын басқаратын жеке тұлғалар мен компаниялар «пікірлерді тексеру және редакциялау тобын» жалдауы керек.

Бұдан бөлек, әр сайт пікірді мақұлдамас бұрын пайдаланушы аты-жөніп тіркеп, жеке басын растауға тиіс.

Сонымен қатар, заңға сай, модераторлар пікір мазмұнынан «заңсыз ақпарат» байқаған жағдайда қытай әкімшілігіне хабарлауы қажет.
61 views10:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 08:27:32
Дмитрий Муратов Нобель медалін 103,5 миллион долларға сатты

2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, «Новая газета» бас редакторы Дмитрий Муратов өзінің медалін аукционда 103,5 миллион долларға сатты. Бұл туралы америкалық «Heritage Auctions» сауда үйінің сайтына сілтеп, Deutsche Welle хабарлады.

«Heritage Auctions» дерегіне сәйкес, барлық қаражат украиналық босқын балалар мен олардың отбасына көмектесу үшін БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) жіберіледі.

Жаһандық медиа мәліметінше, бұл — Нобель сыйлығының тарихындағы ең қымбат бағаға сатылған медаль.

Сауда үйінің ақпаратына сай, аукцион «Дүниежүзілік босқындар күні» — 20 маусымда Нью-Йоркте өтті.
88 views05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 15:46:38 Назарбаев университеті Азияда жетекші университет пе?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/nazarbaev-universiteti-aziyada-zhetekshi-universitet-pe/
106 views12:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 13:05:27 Тәліптер Кандагарда әйел құқығын таптайтын баннер ілді

Тәліп басшылығы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Кандагарда «хиджаб кимеген әйелдерді жануармен салыстырған» баннер ілді. Бұл туралы ToloNews сайтында хабарланды.

ToloNews хабарынша, баннерді «Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі» дайындаған.

ToloNews ақпаратына сай, плакат ауған қоғамында үлкен дау тудырған. Көптеген жергілікті тұрғын баннерге наразылық танытты. Бұған жауап ретінде Кандагар билігі плакат «адам құқығын таптамайтынын», ал хиджабтың «мұсылман әйелдер үшін абырой» екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Тәліп басшылығы ауған әйел тележүргізушілеріне эфир кезінде бетін жабуды бұйырды.
106 views10:05
Ашу / Түсініктеме