Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-06-21 12:20:02 NYT: Ресей Украинаны халықаралық конвенция тыйым салған оқ-дәрілермен атқылаған

Ресей әскері Украинаның қалалары мен елді мекендерін халықаралық конвенцияларда тыйым салынған оқ-дәрілермен атқылаған. Бұл туралы New York Times (NYT) зерттеуінде хабарланды.

NYT журналистері Украинада түсірілген мыңнан астам фотоны зерттеп, екі мыңнан астам оқ-дәріні анықтаған. Зерттеуге сай, оның басым көпшілігі — «нысанаға дәл түспейтін оқ-дәрілер».

Бұдан бөлек, 330-дан астам фотодан оқ-дәрі тұрғын үй ғимараттарының маңына немесе оған жетпей жарылғаны байқалған. 210 фотодан халықаралық конвенцияларда тыйым салынған оқ-дәрі, соның ішінде кассеталы оқ-дәрі пайдаланылғаны белгілі болған. Зерттеу авторларының жазуынша, бұл оқ-дәрілер әуеде жарылып, жүздеген шаршы метр жерді қамтиды.

Сонымен қатар, журналистер Ресей әскерінің «флешет» — адам денесін ауыр жарақаттайтын шағын металл жебелер қолданғанын жазады.

Зерттеуге сәйкес, Украинадағы соғыс кезінде қолданылған тыйым салынған оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды пайдалану ауқымы айтарлықтай жоғары, алайда соғыс әлі де жалғасып жатқандықтан, бұны әрі қарай дәлелдеу қиын.
107 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 07:16:59 G7 елдері сөз бостандығын бірге қорғауға келісті

«Үлкен жетілік» елдері (G7) медиа мен сөз бостандығын қамтамасыз етуге және жалған ақпаратпен күресу үшін көп күш салғысы келеді. Бұл туралы Германиядағы G7 елдерінің кездесуінде Мәдениет министрлері жариялаған құжатқа сілтеп, Deutsche Welle сайты хабарлады.

Құжатқа сәйкес, G7 жалған ақпаратпен күресуге тиімді әдісін іздейді. Бұған қоса, цензура мен медианы шектеуді құптамайды. Сонымен қатар, алдағы уақытта ірі ақпараттық платформаларға бағытталған нарықтық ережелер талқыланады.

Германияның мәдениет және медиа жөніндегі министрі Клаудиа Рот (Claudia Roth) «құжат — тәуелсіз медианы қорғау белгісі» екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, жалған ақпарат Ресейдің Украинаға қарсы соғысының әсерінен «ақпараттық қаруға» айналды.

Сонымен бірге, министр «қуғын-сүргінге ұшырау қаупі бар журналистерді G7 елдері қорғауға ұмтылатынын» хабарлады.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай жиында «медиа саясаты» тәуелсіз тақырып ретінде алғаш рет талқыланды.
133 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 13:27:28 Нидерланды Ресей тыңшысын әшкереледі

Нидерландының қауіпсіздік қызметі (AIVD) Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта жұмыс істеуді жоспарлаған Ресей барлау қызметінің (ГРУ) агентін әшкереледі. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Барлау қызметінің мәліметінше, ресейліктің аты жөні — Сергей Черкасов және ол ГРУ агентінің заңсыз барлау қызметкері. Черкасов бразилиялық құжатты пайдаланып, өзін Виктор Мюллер Феррейра деп таныстырған.

Барлау қызметінің мәліметінше, мұндай агенттер мықты дайындықтан өтеді және оларды анықтау өте қиын. Алайда Черкасовты қалай әшкерелегені жайлы ақпарат айтылмады.

Бразилия полициясы мәліметінше, ресейлік Рио-да-Жанейроға 2010 жылы келіп, өзін бразилиялықпын деп таныстырған. Кейін жаңа атпен бірнеше жыл Ирландия мен АҚШ-та тұрған. Бұдан соң Бразилияға оралып, Нидерландыға кетуге дайындалған.

Сонымен бірге, Халықаралық қылмыстық сотта алдын ала тергеу бөліміне кіші аналитик қызметіне стажер қызметін атқарған.
84 views10:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 12:24:55 Үштөбедегі әкім сайлауында «өшірілетін сия» қолданылды ма? Бірге талдайық…

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/ushtobedegi-akim-sajlauynda-oshiriletin-siya-koldanyldy-ma-birge-taldajyk/
101 views09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 07:29:21
Go Viral 2022: фестивальге тіркелу басталды

Алматыда жыл сайын өтетін Go Viral 2022 фестиваліне тіркелу басталды. Іс-шара 24-26 маусым аралығында өтеді.

Фестифальге 60-тан астам сарапшы қатысады. Сонымен қатар, 6 панельдік пікірталас, 12 мастер-класс және 12 семинар өтеді. Бұған қоса, Ninety One, DAMU, Soul Note тобы және басқа да танымал әншілер өнер көрсетеді.

Фестиваль КИМЭП (Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институты) университетінде өтеді. Ал шараға қатысу тегін және мына сілтемеге өтіп, тіркелуге болады.

Биылғы фестивальдің тақырыбы — «Іздеу. Ойлап табу. Мәселені шешу». GoViral спикерлері медиа, бизнес, мәдениет және технология саласы бойынша жаңа мүмкіндіктерді талқылайды.

Go Viral фестивалі алғаш рет Алматыда 2017 жылы өтті. Кейін Орталық Азиядағы барлық бес елде өте бастады. Фестивальге 21 маусым сағат 23:59-ға дейін тіркелуге болады. FacebookTelegram
131 viewsedited  04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 16:32:41 HRW Қазақстан билігінен Мамайды босатуға шақырды

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/hrw-kazakstan-biliginen-mamajdy-bosatuga-shakyrdy/
60 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 08:48:21 Құқық қорғаушылар Ресейдегі репрессия туралы баяндама жариялады

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/kukyk-korgaushylar-resejdegi-repressiya-turaly-bayandama-zhariyalady/
103 views05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 16:32:58
Назарбаев: «Қазақстандықтар шетелге жұмыс іздеп бармайды». Экс-президент рас айтты ма?

Мамырдың 30-да экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаткер Данияр Әшімбаевқа берген сұхбаты жарияланды. Назарбаев Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштеріне қатысты бірнеше дерек келтіріп, қазақстандықтар шетелге демалысқа не іскерлік сапарға еркін шығатынын, бірақ жұмыс іздеуге бармайтынын айтқан. Factcheck.kz Назарбаев сөзінің екінші бөлігінде жалған мәлімдеме бар-жоғын тексерді.
143 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 12:44:19 Google, Facebook, Twitter дипфейкпен күресуге міндеттеледі

Еурокомиссияның әзірге жарияланбаған жаңа ережесіне сай, Alphabet Inc Google, Facebook Inc, Twitter Inc және басқа да IT компаниялар өз платформаларындағы дипфейк пен фейк аккаунттарға қарсы күресу үшін шара қолдануға міндеттеледі. Бұл туралы Reuters агенттігінің сайтында хабарланды.

Reuters дерегінше, Еуроодақтың жалған ақпаратқа қатысты жаңа кодексі 16 маусымда жариялануы мүмкін.

Агенттік хабарлауынша, IT компаниялар жалған ақпарат тарататын жарнамамен күресу және саяси жарнаманың ашықтығын қамтамасыз ету үшін алты ай ішінде дезинформацияға қатысты шара қолдануға тиісті. Ал міндеттемені орындамаған компаниялар әлемдік тауар айналымының 6%-іне дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
146 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 09:02:22 Фейк | Әйелдер 2023 жылдан бастап 58 жаста зейнетке шығады

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/fejk-ajelder-2023-zhyldan-bastap-58-zhasta-zejnetke-shygady/
71 views06:02
Ашу / Түсініктеме