Get Mystery Box with random crypto!

Түркияда DW және «Голос Америки» сайты бұғатталды Deutsche We | Бірге тексерейік!

Түркияда DW және «Голос Америки» сайты бұғатталды

Deutsche Welle медиа компаниясының сайты 30 маусымда кешке Түркияда бұғатталды. Түркия Жоғарғы кеңесі радио және телеарна басқармасы (RTÜK) өкілінің айтуынша, мұндай шешімді Анкарадағы сот шығарды.

Медиа-компания сот шешімімен келіспейтінін және шағымданатынын хабарлады. Сонымен қатар, DW-ден бөлек «Голос Америки» медиасы да бұғатталды.

Бірнеше ай бұрын RTÜK шетелдік медиаларды лицензия алуға өтініш беруді талап етті. DW хабарлауынша, мұндай лицензия Түркия үкіметіне цензура жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тәуелсіз медианың жұмысына кедергі келтіреді. DW бас директоры Петер Лимбург (Peter Limbourg) сөзінше, компанияның негізгі ұстанымы RTÜK өкілімен кездесіп, сөйлесу.

Ақпан айында Deutsche Welle және «Голос Америки» редакциясы Түркияда лицензия алуға өтініш бермейтінін хабарлаған. Түркия билігінің талабы 2019 жылы күшіне енген құқықтық нормаға негізделген. Сол жылы Түркияның заңнамасына сәйкес DW елде өз өкілдігін ашты.