Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-07-09 10:58:01 Фактчек | Ж. Әбдімәлік: Өзбекстан шахмат федерациясы туралы

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-zh-abdimalik-ozbekstan-shaxmat-federaciyasy-turaly/
61 views07:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 18:01:51 БҰҰ әлемдегі азық-түлік тапшылығы жайлы есебін жариялады

2021 жылы әлемде шамамен 2,3 млрд адам адам азық-түлік тапшылығына тап болды. Оның ішінде кем дегенде 702 миллионы аштыққа ұшырады. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және тамақтану қауіпсіздігі жайлы есебінде айтылды.

Есепке сәйкес, әлемде әйелдердің 31,9 пайызы және ерлердің 27,6 пайызы тамақ жетіспеушілігіне жиі тап болады.

Бес жасқа дейінгі 45 миллионға жуық бала әлсіреуден зардап шегіп жатыр. Мұндай жайт, тамақтанбағандықтан өлімге әкелуі мүмкін. Бұл әлем бойынша барлық баланың 6,7%-ін құрайды. Сонымен қатар, сол жастағы 39 миллион балада немесе 5,7%-інде семіздік тіркелген.

Аштықтан зардап шеккендердің жартысынан көбі Азияда, үштен бірі Африкада, ал қалғаны Латын Америка мен Кариб бассейнінде тұрады.
62 views15:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 17:01:02 Бішкек соты журналист Теміровтің өтінішін қанағаттандырмады

Бішкек қалалық соты 7 шілдеде Temirov LIVE YouTube каналының негізін қалаушы, тәуелсіз журналист Болат Теміровтің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғау жөніндегі арызын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Журналистің айтуынша, оның кеңсесіне тінту жүргізілген кезде, түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.

«Видеоны кімдердің түсіргенін білеміз. Келесі күні жалған аккаунттар арқылы желіге тарап кетті. Біз прокуратураға, сотқа шағымдандық. Бәрі іс қозғаудан бас тартып жатыр. Енді қалалық сот та аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды» дейді Теміров.
123 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 16:11:40 БҰҰ : Украинадағы соғыста 17 журналист қаза тапты

Ресей Украинаға басып кіргелі соғыс салдарынан 17 журналист қаза тапты. Бұған қоса 14 медиа өкілдері жараланған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысында айтты.

БҰҰ дерегінше, зардап шеккен төрт журналист кәсіби қызметіне байланысты қудаланған. Сонымен қатар, кем дегенде жеті адам атыс кезінде қайтыс болған. Болжам бойынша, олардың бесеуі ресейлік әскердің шабуылынан қаза тапты. Тағы бес журналист ұрыс қимылдары кезінде өлген, бірақ кім шабуылдағаны белгісіз.

Сонымен бірге, бір журналисті ресейлік әскерилер ұрлап әкетіп, қинаған. Кейін ол босатылғаннан соң қайтыс болғаны хабарланды.

БҰҰ қайтыс болған және жараланған журналистердің арасында кемінде бес әйел бар екенін хабарлады. Олардың арасында Украинадағы Радио Свобода қызметкері Вера Гирич және ресейлік журналист Оксана Баулина бар.

Сонымен қатар, БҰҰ бақылау миссиясының дерегінше, Ресей әскерлері басып алған аумақтарда жеті медиа қызметкерлері ұрланған. Бұдан бөлек, ресейлік әскерилер кемінде екі рет журналистердің көлігіне шабуыл жасап, атқылаған.
120 views13:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:22:42 Фактчек | Назарбаев: Көптеген әлемдік университетте эндаумент қорлар бар…

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/karzhy/faktchek-nazarbaev-koptegen-alemdik-universitette-endaument-korlar-bar/
121 views09:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 11:41:11 Әбілов ұсынған ескерткіш және Демпартия митиңі: Алматыдағы 6 шілде

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/abilov-usyngan-eskertkish-zhane-dempartiya-mitini-almatydagy-6-shilde/
146 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 10:09:24 НАТО Финляндия мен Швецияны альянсқа қабылдайтын хаттамаға қол қойды

5 шілдеде НАТО-ға мүше 30 елдің елшілері Финляндия мен Швецияның альянсқа қабылдау туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Ендігі кезекте екі елді НАТО-ға қабылдау туралы шешімді альянстағы барлық 30 елдің үкіметі мақұлдауы керек.

DW хабарынша, Финляндия мен Швеция НАТО-ның барлық жиындарына қатыса алады, дегенмен әзірге дауыс беру құқығы жоқ.
140 views07:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 17:04:45
169 views14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 17:04:45
155 views14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 17:04:44
129 views14:04
Ашу / Түсініктеме