Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2022-06-14 07:39:10 Фактчек | Назарбаев зияткерлік мектептері мен қарапайым мектептер арасындағы алшақтық туралы

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-nazarbaev-ziyatkerlik-mektepteri-men-karapajym-mektepter-arasyndagy-alshaktyk-turaly-2/
99 views04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 15:28:20 Адам капиталының индексі: 0,63 көрсеткіш қаншалықты нашар?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-nazarbaev-ziyatkerlik-mektepteri-men-karapajym-mektepter-arasyndagy-alshaktyk-turaly/
87 views12:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 12:45:05 «Голос Америки»: Беларусьте тәуелсіз журналистер қамауда отыр

Беларусь соты «Радио Свободная Европа/Радио Свобода» беларусь қызметінің фрилансері Андрей Кузенчикке «экстремистік ұйым құрды» деген айып тағып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Голос Америки» сайты хабарлады.

«Голос Америки» дерегінше, бұған дейін Беларусь бигілі АҚШ қаржыландыратын «Радио Свободная Европа/Радио Свобода» және басқа да тәуелсіз медианы «экстремистік» деп таныған. Ал олардың кейбірі Александр Лукашенко режимі оппозиционерлерді қудалағаны туралы материалдар жариялағаны үшін «террорлық ұйымдар» тізіміне енген.

«Весна-96» құқық қорғау ұйымының дерегінше, Беларусьте 1200-ден астам саяси тұтқын, оның ішінде 30-ға жуық журналист қамауда отыр.

Белорусь журналистер қауымдастығының төрағасы Андрей Бастунец «Голос Америки» редакциясына берген сұқбатында «халықаралық қауымдастық, азаматтық белсенділер, журналистік ұйымдар, әртүрлі елдің үкіметаралық құрылымдары Беларусь билігінен қамаудағы журналистер мен басқа да тұтқындарды босатуды талап етуі керектігін» айтты.
109 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 06:36:04 Фейк | «Холерадан адам көп қыралады»

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/kaueset/fejk-xoleradan-adam-kop-kyralady/
94 views03:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 14:08:40
«Яндекс» картасында ел шекаралары көрсетілмейді

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/yandeks-kartasynda-el-shekaralary-korsetilmejdi/
85 views11:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 10:30:59
Жалған ӏ Назарбаев: Қазақстандықтар шетелге жұмыс іздеп бармайды

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/zhalgan-%d3%8f-nazarbaev-kazakstandyktar-shetelge-zhumys-izdep-barmajdy/
113 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 09:06:10 мың ерікті ресейліктерге Украинадағы соғыс жайлы қоңырау шалған

Ресей Украинаға соғыс ашқалы Литваның бірнеше тұрғыны «Ресейге қоңырау шал» жобасын ойлап тапты. Олар кез келген адамға ресейліктерге қоңырау шалып, соғыс жайлы сөйлесуді ұсынады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Жоба басталғалы үш айдың ішінде Ресейге 44 мың адам қоңырау шалған. Жоба авторларының айтуынша, олардың мақсаты ресейліктерді «арнайы операция» жайлы ойын өзгерту емес.

Олардың міндеті ресейлік қоғам арасында соғысқа қатысты көзқарасты өзгерту. Жоба еріктілері саясат жайлы айтып, дауласпайды. Тек Украинадағы гуманитарлық апат жайлы хабардар етіп, ресейліктердің не ойлайтынын тыңдайды.

Кейін жобаға Еуропа кеңесі қызыға бастаған. Қазіргі уақытта «Ресейге қоңырау шал» жобасының авторымен Еуропа кеңесі өкілі кеңесіп отырады.
114 views06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 15:14:23 Фактчек |Дәурен Абаев ішкі туризмнің дамуы туралы

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek%ef%bd%9cdauren-abaev-ishki-turizmnin-damuy-turaly/
13 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 15:11:01 Қамаудағы саясаткер Жанболат Мамайға тағы екі айып тағылды

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/kamaudagy-sayasatker-zhanbolat-mamajga-tagy-eki-ajyp-tagyldy/
67 views12:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 12:29:03 Алматыда «Геннадий Бендицкий атындағы қордың» тұсаукесері өтті

Алматыда журналист «Геннадий Бендицкий атындағы қордың» тұсаукесері өтті. Бұл туралы «Әділ сөз» халықаралық қорының Instagram парақшасында хабарланды.

Ұйымды Бендицкийдің достары мен әріптестері құрған. Қордың негізін қалаушысы және Ratel.kz аналитикалық порталының құрылтайшысы Марат Әсіповтің айтуынша, ұйымның басты мақсаты — Бендицкий мұрасын сақтау, насихаттау және дамыту. Сонымен қатар, медиа мәселелері бойынша конференциа мен дөңгелек үстел өткізіп, журналистік зерттеуді дамыту.

Бұдан бөлек, қор өкілдері «мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен есептілікті, қоғамдық қатынастарды талдау мақсатында зерттеулер жүргізу» маңызды екенін мәлімдеді.

Геннадий зерттеу журналистикасының үлкен мектебін құрды. <…> Зерттеу журналистикасымен айналысатын авторлар болмаса, сыбайлас жемқорлық көбейе бермек. Алысқа кетпей-ақ, ірі қалалардағы заңсыз, ретсіз салынған құрылыстарды мысалға келтірсек болады. Осы орайда «Бендицкий қоры» зерттеу журналистикасының маңызды жанр ретінде қалыптасуына көмектеседі деген сенімдеміз. Сонымен қатар, қор Бендицкийдің мақалаларының мазмұндық бөлігімен айналысып қана қоймай, зерттеу журналистика әдістемесін, оның принциптерін талдайтын болады.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева

Геннадий Бендицкий 2017 жылдың 3 желтоқсанында қайтыс болды. Ол «Караван» газетінде, КТК телеарнасында және Ratel.kz сайтында жұмыс істеді.
79 views09:29
Ашу / Түсініктеме