Get Mystery Box with random crypto!

Дмитрий Муратов Нобель медалін 103,5 миллион долларға сатты 2 | Бірге тексерейік!

Дмитрий Муратов Нобель медалін 103,5 миллион долларға сатты

2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, «Новая газета» бас редакторы Дмитрий Муратов өзінің медалін аукционда 103,5 миллион долларға сатты. Бұл туралы америкалық «Heritage Auctions» сауда үйінің сайтына сілтеп, Deutsche Welle хабарлады.

«Heritage Auctions» дерегіне сәйкес, барлық қаражат украиналық босқын балалар мен олардың отбасына көмектесу үшін БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) жіберіледі.

Жаһандық медиа мәліметінше, бұл — Нобель сыйлығының тарихындағы ең қымбат бағаға сатылған медаль.

Сауда үйінің ақпаратына сай, аукцион «Дүниежүзілік босқындар күні» — 20 маусымда Нью-Йоркте өтті.