Get Mystery Box with random crypto!

Қытайда интернеттегі пікірді тексеруді талап ететін заң қабылд | Бірге тексерейік!

Қытайда интернеттегі пікірді тексеруді талап ететін заң қабылданды

Қытай сайттары пікірлерді жарияламас бұрын олардың әрқайсысын тексеріп, мақұлдауға тиіс. Бұл туралы ҚХР үкіметі өткен аптада қабылдаған «Интернеттегі пікірлерді реттеу туралы ережелер» құжатында хабарланды.

Заңға сәйкес, Қытай сайттарын басқаратын жеке тұлғалар мен компаниялар «пікірлерді тексеру және редакциялау тобын» жалдауы керек.

Бұдан бөлек, әр сайт пікірді мақұлдамас бұрын пайдаланушы аты-жөніп тіркеп, жеке басын растауға тиіс.

Сонымен қатар, заңға сай, модераторлар пікір мазмұнынан «заңсыз ақпарат» байқаған жағдайда қытай әкімшілігіне хабарлауы қажет.